---
title: "Татьяна Аманжол – үш дүркін Азия чемпионы"
description: "Күрес түрлерінен Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында ел қоржынына тағы бір алтын түсті. Бұл..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-04-24T23:51:26+00:00"
modified: "2014-04-24T23:51:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tatyana-amanzhol-sh-d-rkin-aziya-chempiony-411154"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tatyana-amanzhol-sh-d-rkin-aziya-chempiony-411154/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Татьяна Аманжол – үш дүркін Азия чемпионы

> Күрес түрлерінен Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында ел қоржынына тағы бір алтын түсті. Бұл...

[!\[Татьяна Аманжол – үш дүркін Азия чемпионы\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/04/photo_4260-300x166.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/04/photo_4260.jpg) Күрес түрлерінен Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында ел қоржынына тағы бір алтын түсті. Бұл жолы құрлық чемпионы атанған – Татьяна Аманжол, — деп сүйінші сұрайды [Tengrinews.kz](http://kaz.tengrinews.kz/). Әйелдер арасындағы еркін күрестен 48 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Татьяна Аманжол финалда Моңғолия қызы Нарангерель Ерденесухпен белдесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Негізінен, қарсыласының шабуылын күтіп, қарсы айла-тәсіл қолдануға тырысқан Татьяна өз жанкүйерлеріміздің алдында жанына батқан жарақатына қарамай, сенімді ақтап шықты. Тәжірибелі балуан қызымыз бұған дейін 2009 және 2013 жылдары Азия чемпионы атанған. Бұл – оның Сарықұрлықта үшінші рет топ жаруы. Ол бұған дейін әуелі Қытай қызы Ян Лиден 5:1 есебімен басым түсіп, жартылай финалда Жапония аруы Анна Ивамурені 5:0 есебімен жеңген болатын.

Осы жердесіз: [Негізгі бет](http://kaz.tengrinews.kz/) » [Спорт](http://kaz.tengrinews.kz/sports/) » [Спорт](http://kaz.tengrinews.kz/allsports/) [Толығырақ:](http://kaz.tengrinews.kz/allsports/)[http://kaz.tengrinews.kz/allsports/tatyana-amanjol—ush-durkn-aziya-chempionyi-253416/](http://kaz.tengrinews.kz/allsports/tatyana-amanjol--ush-durkn-aziya-chempionyi-253416/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tatyana-amanzhol-sh-d-rkin-aziya-chempiony-411154](https://yvision.kz/kk/post/tatyana-amanzhol-sh-d-rkin-aziya-chempiony-411154)