---
title: "Тас жол бойында тұрған көлік жүргізушісі қаза тапты"
description: "Қызылорда облысында автокөлік тас жол бойында тұрған автокөлікке соғысқан. Осы оқиға салдарынан бір..."
author: "orazali"
published: "2024-02-12T05:41:33+00:00"
modified: "2024-02-12T05:41:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tas-zhol-boyynda-t-r-an-k-lik-zh-rgizushisi-aza-tapty-1001041"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tas-zhol-boyynda-t-r-an-k-lik-zh-rgizushisi-aza-tapty-1001041/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тас жол бойында тұрған көлік жүргізушісі қаза тапты

> Қызылорда облысында автокөлік тас жол бойында тұрған автокөлікке соғысқан. Осы оқиға салдарынан бір...

Қызылорда облысында автокөлік тас жол бойында тұрған автокөлікке соғысқан. Осы оқиға салдарынан бір адам қаза тапты.

![Тас жол бойында тұрған көлік жүргізушісі қаза тапты](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/88cbdf1f09214c4734e9b1c319baf6.jpg)

Қайғылы оқиға Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Сазды елді мекенінің тұсында «Самара-Шымкент» тас жолының бойында болған.

«Toyota Alphard» маркалы автокөлігі жол бойында тұрған «Mercedes benz» маркалы автокөлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Mercedes benz» жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Осы жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

kaz.inform.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tas-zhol-boyynda-t-r-an-k-lik-zh-rgizushisi-aza-tapty-1001041](https://yvision.kz/kk/post/tas-zhol-boyynda-t-r-an-k-lik-zh-rgizushisi-aza-tapty-1001041)