---
title: "Тасқала ауданының \"AMANAT\" партиясының партиялық актив отырысы өтті"
description: "Бүгін аудандық мәдениет үйінің кіші залында «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының актив отыр..."
author: "taskaly.nurotan.kz"
published: "2022-03-19T05:27:04+00:00"
modified: "2022-03-19T05:27:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tas-ala-audanyny-amanat-partiyasyny-partiyaly-aktiv-otyrysy-tti-963461"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tas-ala-audanyny-amanat-partiyasyny-partiyaly-aktiv-otyrysy-tti-963461/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тасқала ауданының "AMANAT" партиясының партиялық актив отырысы өтті

> Бүгін аудандық мәдениет үйінің кіші залында «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының актив отыр...

Бүгін аудандық мәдениет үйінің кіші залында «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының актив отырысы болып өтті. Актив отырысына саяси кеңестің мүшелері, депутаттар, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және жастар қатысты. Партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Бауыржан Айтмағамбетов жүргізген жиында күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын шешімдерін орындаудағы ауадандық филиалдың міндеттері талқыланды. Жиын барысында «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының атқарушы хатшысы Люция Жұбанышқалиева баяндама жасады. «Өздеріңізге мәлім, ағымдағы жылдың 16 наурызында ел Президенті Қ.К.Тоқаев Қазақстан халқына Жодауын арнады. Бұл Жолдаудың мән-маңызы айрықша, ауықымы кең, мазмұныда бөлек. Президентіміз бірнеше реформалар ұсынды. Бұл реформалар қоғамдағы алуан түрлі көзқарастардың жиынтығы»,-деді өз сөзінде аудандық филалдың атқарушы хатшысы Люция Жұбанышқалиева. Және Ел Президетінің алға қойған он міндетіне тоқталып өтті. Келесі кезекте аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, саяси кеңес мүшесі Думан Ғазез, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәнінің мұғалімі, облыстық саяси кеңес мүшесі Владимир Фролов, Тасқала ауылдық округінің әкімі, «Тасқала» бастауыш партия ұйымының төрайымы Гүлжан Мұхамбетқалиева баяндамаларын жасап, өз пікірлерін айтып, қолдауларын білдірді. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Бауыржан Есқайырұлы Жолдауда берілген басым бағыттарды орындауға жұмыла кірісіп, сапалы жұмыс атқаруға шақырды. Болатбек САПАРҒАЛИЕВ

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tas-ala-audanyny-amanat-partiyasyny-partiyaly-aktiv-otyrysy-tti-963461](https://yvision.kz/kk/post/tas-ala-audanyny-amanat-partiyasyny-partiyaly-aktiv-otyrysy-tti-963461)