---
title: "Тарихи телетұлға туралы толғаныс"
description: "Сағат Əшімбаев -халықтың күйін кешіп,мұң-мұқтажын теледидардағы бағдарлама арқылы жеткізген тележурн..."
author: "Aiym_Zhambulova"
published: "2023-06-04T11:16:13+00:00"
modified: "2023-06-04T11:17:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tarihi-telet-l-a-turaly-tol-anys-989620"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tarihi-telet-l-a-turaly-tol-anys-989620/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тарихи телетұлға туралы толғаныс

> Сағат Əшімбаев -халықтың күйін кешіп,мұң-мұқтажын теледидардағы бағдарлама арқылы жеткізген тележурн...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/573286/5462e5ca12448fd2ea685b61706005.jpg)

Сағат Əшімбаев -халықтың күйін кешіп,мұң-мұқтажын теледидардағы бағдарлама арқылы жеткізген тележурналист.

Сағат Əшімбаев өзінің ұлтжандылығымен,сыни көзқарасымен,көрегендігімен көрерменнің көңілінен орын таба білді. Парыз пен қарыз бағларламасында ұлт болып қалыптасуға кедергі болған мəселелерді көтерді. Қоғамдағы өзекті деген:тіл,дін,экономика,экология,мəдениет тақырыптарын қозғаған. Бағдарламаны тоқтату жөнінде теріс пікірлер айтылғанына қарамастан ,қарыз пен парыз бағдарламасын жанқиярлықпен жалғастырған еді. "Тіл деген аса құдіретті нəрсе бар ,содан айырылғсн күні жерден де, елден де тұрмыстанда айырыламыз. " деп ана тілінің қадір-қасиетін дəріптеді. Сағат Əшімбаевты қарыз бен парыз бағдарламасында алғаш көрген сəтте халықпен санасып , тең дəрежеде сөйлесетін қасиеті маған ерекше əсер қалдырды. Еліміздегі болып жатқан жайттарды ой елегінен өткізіп көзқарасын білдірді. Елінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап шешу жолдарын іздеді.

Сағат Əшімбаевтың бойындағы үлгі тұтатын қасиеттерінің бірі-адамгершілік. Сағат Əшімбаев -қазақ тілінің сақталып қалуына зор үлес қосқан майталман,елі үшін қабырғасы қайысып,жан қиярлыққа барған азамат. Телепублицист ұлтының рухын көтеретін телебағдарламаларды жүргізіп,қазақ халқын бірлікке шақырған. Биыл құрылғанына 65 жыл толған ұлттық телевизияның тарихында С.Əшімбаевтің салып кеткен сара жолы сайрап жатыр.

"Жүректен қозғайық" (1982) "Парыз бен қарыз "(1986) атты тырнақ алды бағдарламалары арқылы қалың көрерменнің көзайымына айналып,халыққа танымал болды.

Сағат Əшімбаев 1986 – 1991 жылдары Қазақстан Радио жəне телехабарлары жөніндегі Мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары, кейіннен төрағасы қызметтерін атқарды. Ұлттық Сын əлемінің қаламгері Сағат Əшімбаев көкейге түйген ойларымен талдауларының нəтижесінде Сын мұраты (1979) Талантқа тағзым (1982) Парасатқа кұштарлық (1985) Шындыққа снйіспеншілік (1993) атты кітаптарын жарыққа шығарды. Елінің келешегі үшін жасаған игі істері сол замандағы нағыз батырдың ерлігі ретінде кейінгі ұрпақ яғни біздер үшін өшпес өнеге болып,қала береді.

Айым Жамбулова

№40 мектептің

11«Ә» сынып оқушысы

Алматы қаласы

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tarihi-telet-l-a-turaly-tol-anys-989620](https://yvision.kz/kk/post/tarihi-telet-l-a-turaly-tol-anys-989620)