---
title: "Тарихи семсерлесу бойынша «Жауынгерлік Кездесу» турнирі"
description: "Тарихи семсерлесу бойынша «Жауынгерлік Кездесу» турнирі Өткен демалыс күндері Орталық Жағалауда қала..."
author: "CRMI"
published: "2015-07-20T04:13:30+00:00"
modified: "2015-07-20T04:13:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tarihi-semserlesu-boyynsha-zhauyngerlik-kezdesu-turniri-523210"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tarihi-semserlesu-boyynsha-zhauyngerlik-kezdesu-turniri-523210/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тарихи семсерлесу бойынша «Жауынгерлік Кездесу» турнирі

> Тарихи семсерлесу бойынша «Жауынгерлік Кездесу» турнирі Өткен демалыс күндері Орталық Жағалауда қала...

**Тарихи семсерлесу бойынша «****Жауынгерлік Кездесу»** **турнирі**

Өткен демалыс күндері Орталық Жағалауда қала тұрғындары әсерлі оқиғаның куәгері болды. Бірте-бірте, баршаға мәлім болып жатқан жекпе-жектер – тарихи сесмсерлесу көрермен көзін жаулап алды.

![Тарихи семсерлесу бойынша «Жауынгерлік Кездесу» турнирі](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/Y1wXWWd361pm10mTlPfMK9a9eHCd1D.jpg)

Айбынды серілер мен әсем ханымда, қызыққұмар адам топтары – осының бәрі замндас серілер турнирінің ажырамас бөлігі. Дәстүр бойынша, жарыс ұйымдастырушылары Қазақстан халықтарының ассамблеясы және Славяндық мәдени орталығы бұл жарысты осы жыы 5-ші рет өткізіп отыр. Бұл клуб көп жылдар бойы Славяндық мәдени орталықтың мүшесі болып, жастармен қарым-қатынас жұмыстарына және түрлі ұлттың бірігуіне үлесін қосып отыр. Өскемен, Петропавл, Алматы, Омбы және Павлодар қалаларының қатысушылары өз өнерлерін көрсетті.

![Тарихи семсерлесу бойынша «Жауынгерлік Кездесу» турнирі](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/V8523u4T6HG1hmFVt8sl8p659bLh7Y.jpg)

Бұл мереке қала тұрғындарын таңдандырып, өзінің өзгешелігімен орта ғасырға сүңгітіп, көз алдарынан ержүрек сарбаздардың жеңіс үшін шайқасын көрсетеді. Қызықты шайқастан басқа, тағы да айта кетерлік маңызды жайт, ол сарбаздардың киім – кешегі.

![Тарихи семсерлесу бойынша «Жауынгерлік Кездесу» турнирі](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/Z26w5p6ULAmJy0FvT0508NuYvW6G7n.jpg)

Европаның 16-шы ғасыры, Орданың 14-ші ғасыры, Монғол халықтарын бейнелеп, дулығасымен, қалқан-сауыттарымен, жалпы алғанда 35 келіні құрайтын жабдықтауымен алаңда бой көтерді.

![Тарихи семсерлесу бойынша «Жауынгерлік Кездесу» турнирі](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/hbWzSd0VeDZSrAO0377wL2SL61vooF.jpg)

Дәл осы ерекшеліктер тарихи семсерлесудің негізі болып табылады. Мерекенің осындай түрі, жаңа ағымдағы бұл спорт түрін насихаттау, сонымен қоса Қазақстандағы ең жүйрік, ең күшті жауынгер топтарын анықтау мақсатымен ұйымдастырылған.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tarihi-semserlesu-boyynsha-zhauyngerlik-kezdesu-turniri-523210](https://yvision.kz/kk/post/tarihi-semserlesu-boyynsha-zhauyngerlik-kezdesu-turniri-523210)