---
title: "Тарих--тағылым--тәуелсіздік!"
description: "\"Алаш мұраты және Тәуелсіз Қазақстан\". Міне, 13 қыркүйек күні Тәуелсіздік сарайында осындай тақырып ..."
author: "Bakhyt_Asenova"
published: "2011-09-13T12:04:40+00:00"
modified: "2011-09-15T23:05:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tarih-ta-ylym-t-uelsizdik-191983"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tarih-ta-ylym-t-uelsizdik-191983/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тарих--тағылым--тәуелсіздік!

> "Алаш мұраты және Тәуелсіз Қазақстан". Міне, 13 қыркүйек күні Тәуелсіздік сарайында осындай тақырып ...

**"Алаш мұраты және Тәуелсіз Қазақстан".** Міне, 13 қыркүйек күні Тәуелсіздік сарайында осындай тақырып аясында алашордалықтар халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізген болатын. Аталмыш шара Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы мен Әлихан Бөкейханның 145 жылдығына арналған еді.

![Тарих--тағылым--тәуелсіздік!](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/wDudSAm0h4RI3e1m3lM3HDp6wKlA9A.jpg)

Жиынның модераторы - "Нұр Отан" ХДП хатшысы, саяси ғылымдарының кандидаты Ерлан Карин мырзаны көріп отырған да шығармыз.

![Тарих--тағылым--тәуелсіздік!](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/obaAuNeDag1At1IKqxf6FFL5Ll20Wf.jpg)

Конференцияға "Алаш" ұлт-азаттық қозғалысы тақарыбын және еліміздің тарихын зерттеп жүрген отандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

![Тарих--тағылым--тәуелсіздік!](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/Plcg953n621qbOJXtIEo1A7f37tKgi.jpg)

Оның ішінде шетелдік қонақтар - Жапондық Хоккайдо университетінің профессоры **Томохико Уяма. **Алғы сөзін қазақша бастағаны баршаны қуантқан жан осы болар. :))

![Тарих--тағылым--тәуелсіздік!](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/9HAcoFeEj9fhcw5nogxpkD1941CHBv.jpg)

Халықаралық бейбітшілік үшін Карнеги қорының ғылыми қызметкері, Орталық Азия (АҚШ) сарапшысы **Марта Бриль Олкотт** ханым да *Alikhan Bukeikhan* туралы баяндама оқып өз пікірімен бөліскен-ді.

![Тарих--тағылым--тәуелсіздік!](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/0mbdcKGKsgvA8O1teU1Wf8h9qkN981.jpg)

Ресейден де келген тағы қонақтарымыз бар екенін ұмытпайық. Олардың бірі қоғамдық ғылымдарды зерттеген, тарих ғылымдарының докторы, профессор **Дина Аманжолова** ресейлік қандастарымыздың салемін жолдап, тақырып бойынша біраз қызықты деректер келтірді.

![Тарих--тағылым--тәуелсіздік!](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/I837A48njzk98V82Fg9aVPUIFmsx08.jpg)

Жиналған қауым да баяндамаларды зор зейінмен тындап, айтылған деректерді құптап отырған көрінеді.

![Тарих--тағылым--тәуелсіздік!](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/RtlXcJlY7Y75P0AtLx855sdtJJTPf8.jpg)

Халықаралық дәрежеде ұйымдастырылған шара аясында 7 томдық "Әлихан Бөкейхан шығармаларының толық жинағы - Полное собрание сочинений" атты кітаптар жинағының тұсау кесері өтті.

![Тарих--тағылым--тәуелсіздік!](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/rC5ci7Dn1Up7A3pQBWF84IFxZPSw92.jpg)

Сонымен қатар, Ә.Бөкейхан мен "Алаш" қозғалысындағы үзеңгілестерінің өмірі мен қызметі туралы мұрағат құжаттары, тарихи деректер мен жәдігерлер көрмесі де қарастырылған.

![Тарих--тағылым--тәуелсіздік!](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/O0OgkMZND27l4uzXsTM7P0EMec9dMB.jpg)

Міне, осы жайында Азаттық радиосының Прагадағы тілшісі, филология ғылымдарының кандидаты Сұлтан Хан Аққұлұлы біраз мағлұмат айтып, баршаны кітаптар мазмұнымен таныстырған еді.

![Тарих--тағылым--тәуелсіздік!](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/9sOBIZ6w4Etf443QphF35Va6hiHvfA.jpg)

Конференциядан кейін жиналған БАҚ өкілдері толғандырған сауалдарын тікелей Ерлан Карин мырзаға қойған болатын.

Сұхбат барысында бұл конференцияның басты ұйымдастырушылары айқындалған. Олар: "Нұр Отан" Халықтық Демократиялық Партиясы, "Азаттық" радиосының қазақ редакциясы, "Абай.kz" порталы және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті екені айтылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tarih-ta-ylym-t-uelsizdik-191983](https://yvision.kz/kk/post/tarih-ta-ylym-t-uelsizdik-191983)