---
title: "Таразда балабақша басшысы ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды"
description: "Тараз қаласының прокуратурасы «РозАль» орталығы» жеке балабақшасы басшылығының мектепке дей?..."
author: "orazali"
published: "2024-06-27T05:40:03+00:00"
modified: "2024-06-27T05:40:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tarazda-balaba-sha-basshysy-iri-k-lemde-byudzhet-arzhysyn-zhym-yr-any-shin-sottaldy-1006026"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tarazda-balaba-sha-basshysy-iri-k-lemde-byudzhet-arzhysyn-zhym-yr-any-shin-sottaldy-1006026/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Таразда балабақша басшысы ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды

> Тараз қаласының прокуратурасы «РозАль» орталығы» жеке балабақшасы басшылығының мектепке дей?...

*Тараз қаласының прокуратурасы «РозАль» орталығы» жеке балабақшасы басшылығының мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген 12 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырғанын анықтады.*

![](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/8a7535aa16fb16f91050cf308ab85afd.jpg)

Балабақша басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражаттарын алған.

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, оның тергелуі Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.

Тараз қаласының №2 сотының 14.06.2024 жылғы үкімімен балабақша басшысы тәрбие/оқыту қызметін көрсететін кез келген меншік нысанындағы ұйымдар мен мекемелерде қаржымен байланысты материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айырыла отырып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

**Жамбыл облысының прокуратурасы**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tarazda-balaba-sha-basshysy-iri-k-lemde-byudzhet-arzhysyn-zhym-yr-any-shin-sottaldy-1006026](https://yvision.kz/kk/post/tarazda-balaba-sha-basshysy-iri-k-lemde-byudzhet-arzhysyn-zhym-yr-any-shin-sottaldy-1006026)