---
title: "Таразда Қазақстан құрамасы волейбол бойынша Әлемдік лигаға әзірлік үстінде"
description: "12-14 маусымда Таразда ерлер ұлттық құрамасы үшін ірі жыл сайынғы коммерциялық турнир — Волейбол ..."
author: "kazsportagent"
published: "2015-06-11T00:01:17+00:00"
modified: "2015-06-11T00:01:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tarazda-aza-stan-ramasy-voleybol-boyynsha-lemdik-liga-a-zirlik-stinde-508444"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tarazda-aza-stan-ramasy-voleybol-boyynsha-lemdik-liga-a-zirlik-stinde-508444/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Таразда Қазақстан құрамасы волейбол бойынша Әлемдік лигаға әзірлік үстінде

> 12-14 маусымда Таразда ерлер ұлттық құрамасы үшін ірі жыл сайынғы коммерциялық турнир — Волейбол ...

[!\[Таразда Қазақстан құрамасы волейбол бойынша Әлемдік лигаға әзірлік үстінде\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/06/201506100744171-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/06/201506100744171.jpg)

12-14 маусымда Таразда ерлер ұлттық құрамасы үшін ірі жыл сайынғы коммерциялық турнир — Волейбол бойынша әлемдік лиганың XXVI халықаралық турнирінің іріктеу кезеңі өтеді, деп хабарлады ҚР Волейбол федерациясының баспасөз қызметі.

«Тараз-Арена» спорт сарайында «Н» тобы командасының бірінші туры өтеді, оның қатысушылары Қазақстан, Венесуэла, Мысыр, Испания болып табылады. Қазақстанның ерлер ұлттық құрамасы жарыс орнында, олар Әлемдік лига кезеңіне дайындық үстінде. Мысыр, Испания, Венесуэламен матчқа қатысатын ұлттық командаға 14 адам кірді, олардың екеуі жаңадан қосылғандар. Дәстүрлі түрде Әлемдік лига ұлттық құрамалардың маусымында алғашқы ресми турнир болып табылады. Қазақстанның әйелдер Гран-приін өткізуде үлкен тәжірибесі бар, алайда Әлемдік лиганы алғаш рет өткізіп, оған қатысуда. Жыл сайын қатысушы елдер саны артқанымен қоса, бұл елдерде волейбол дами түсуде. Биыл Әлемдік лигаға 32 команда (2014 жылы — 28 ел) шығады — бірінші дивизионда 8, екінші және үшінші дивизионда 12-ден. Дивизиондарға бөлу әлемдік рейтинг жағдайына және ерлер әлемдік волейболындағы күштердің ағымдағы ара-қатынасына байланысты. Турнирдің қазіргі чемпионы АҚШ құрамасы. Таразға халықаралық төрешілер, халықаралық волейбол федерациясының және шетелдік БАҚ өкілдері келеді. Әлемдік лига іріктеу кезеңінің бірінші туры Таразда 12-14 маусымда, екіншісі 19-21 маусымда Мысырда өтеді. Әлемдік лига үшінші тобының финалы 3-5 шілдеде Словакияда болмақ.

Басты сөздер: [Жамбыл облысы](http://www.kazinform.kz/kaz/searchtag/258) , [Спорт](http://www.kazinform.kz/kaz/searchtag/290)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tarazda-aza-stan-ramasy-voleybol-boyynsha-lemdik-liga-a-zirlik-stinde-508444](https://yvision.kz/kk/post/tarazda-aza-stan-ramasy-voleybol-boyynsha-lemdik-liga-a-zirlik-stinde-508444)