---
title: "Таразда автокөлік дәу шұңқырға түсіп кетті"
description: "Таразда автокөлік күн жарықта жолдың тура ортасындағы жылу трассасының шұңқырына түсіп кетті. Куәгерлердің айтуынша, шұңқырдың маңында ешқандай ескерту белгісі болмаған. Оған құлаған көлікте жүргізушімен бірге балалар отырыпты. Жолаушылар мен..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-06-17T07:10:46+00:00"
modified: "2024-06-17T07:10:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tarazda-avtok-lik-d-u-sh-yr-a-t-sip-ketti-1005734"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tarazda-avtok-lik-d-u-sh-yr-a-t-sip-ketti-1005734/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Таразда автокөлік дәу шұңқырға түсіп кетті

> Таразда автокөлік күн жарықта жолдың тура ортасындағы жылу трассасының шұңқырына түсіп кетті. Куәгерлердің айтуынша, шұңқырдың маңында ешқандай ескерту белгісі болмаған. Оған құлаған көлікте жүргізушімен бірге балалар отырыпты. Жолаушылар мен...

*Таразда автокөлік күн жарықта жолдың тура ортасындағы жылу трассасының шұңқырына түсіп кетті. *

Куәгерлердің айтуынша, шұңқырдың маңында ешқандай ескерту белгісі болмаған. Оған құлаған көлікте жүргізушімен бірге балалар отырыпты. Жолаушылар мен жүргізуші жарақат алды.

Оқиға орнын видеоға түсіріп тұрған әйел: "Мына көліктің артынан біз де келе жаттық. Біз де түсіп кете жаздадық. Осы көлік сақтап қалды" дейді.

Полиция жылу жүйесіне жөндеу жүргізіп жатқан мердігер компанияға қатысты қылмыстық іс қозғады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tarazda-avtok-lik-d-u-sh-yr-a-t-sip-ketti-1005734](https://yvision.kz/kk/post/tarazda-avtok-lik-d-u-sh-yr-a-t-sip-ketti-1005734)