---
title: "Тамыры терең Тараз қаласына саяхат"
description: "Өткен жылдың қараша айында Тараз қаласын тұңғыш рет көру мүмкіндігіне ие болдым. 2 күн қонақ қылған ..."
author: "aiman_syrlybai"
published: "2017-02-16T12:55:34+00:00"
modified: "2017-02-16T13:25:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tamyry-tere-taraz-alasyna-sayahat-756236"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tamyry-tere-taraz-alasyna-sayahat-756236/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тамыры терең Тараз қаласына саяхат

> Өткен жылдың қараша айында Тараз қаласын тұңғыш рет көру мүмкіндігіне ие болдым. 2 күн қонақ қылған ...

Өткен жылдың қараша айында Тараз қаласын тұңғыш рет көру мүмкіндігіне ие болдым. 2 күн қонақ қылған Тараздың тамаша естеліктеріне куә болыңыздар.

![Таразға кіргенде сізді қарсы алатын бірінші арка. Жалпы Тараз - аркалар қаласы](https://storage.yvision.kz/images/user/aiman_syrlybai/l91JINW3450OezKbz86IPJEF47lJnx.jpg) Таразға кіргенде сізді қарсы алатын бірінші арка. Жалпы Тараз - аркалар қаласы.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/aiman_syrlybai/W653gOAx6vl4zfF08g67iIq9x6yAD4.jpg) Осыдан тура 552 жыл бұрын дәл осы жерде Қазақ хандығы құрылған.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/aiman_syrlybai/9aNws1az59qcq8r5L9oHuC1OZEv49d.jpg) Айша бибі кесенесімен таныстырған бұл мысық осы жердің гиды іспеттес. Көліктен қарсы алады, аралатады, бірге суретке түседі, есікке дейін шығарып салады. Бұл мысықтың күнделікті қызметі осы.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/aiman_syrlybai/VczOoLHi0t2WCitiXYW96RN0STta9Z.jpg) Ашық аспан астындағы мұражай. Осы жер кезінде қайнап тұрған базар болыпты деседі.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/aiman_syrlybai/r6xBg1dxaVP6ToDsi6XK2gQk20a08Q.jpg) "Алыста жүрсем де, бар ойым бір сенде".

Тараздан туған жеріңді көру бір бақыт екен.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/aiman_syrlybai/S4Gtpr96IkHd44kegjD0I5JB24E507.jpg) Қарахан кесенесі маңынан кездестірген қызық дүниенің бірі. 2100 жылы 101 жаста болады екенмін. Жетемін бе, жетпеймін бе, бір Құдайға аян. Жетпесем аманат хатты немерелерім оқи салар.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/aiman_syrlybai/Dup5s39oa0Xss8DjlD7w35a3k5rNNg.jpg)

Тараздың ең биік жері - Тектұрмас кесенесі. Бұл жерден Тараз алақандағыдай көрінеді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/aiman_syrlybai/lDg0I8qWupk14Fq6lZJWvApQyAe010.jpg)

Тараз - оюлар қаласы. Вокзал да, кинотеатр да, базар да оюмен әспеттелген. Басқа қалаларға үлгі аларлық дүние.

> ***Таразды көріп түйгенім - нағыз тарих пен тағылымға, ұлттық құндылық пен дәстүрге қаныққыңыз келсе Таразға келу керек. Тараз - терең тарихтың таң қалдырар ордасы.***

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tamyry-tere-taraz-alasyna-sayahat-756236](https://yvision.kz/kk/post/tamyry-tere-taraz-alasyna-sayahat-756236)