---
title: "Тамара Дүйсенова «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның басшысы лауазымына тағайындалды"
description: "Дүйсенбі, 15 шілдеде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев «Еңбек ресу..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2019-07-16T03:41:17+00:00"
modified: "2019-07-16T03:41:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tamara-d-ysenova-e-bek-resurstaryn-damytu-ortaly-y-a-ny-basshysy-lauazymyna-ta-ayyndaldy-836314"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tamara-d-ysenova-e-bek-resurstaryn-damytu-ortaly-y-a-ny-basshysy-lauazymyna-ta-ayyndaldy-836314/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тамара Дүйсенова «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның басшысы лауазымына тағайындалды

> Дүйсенбі, 15 шілдеде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев «Еңбек ресу...

Дүйсенбі, 15 шілдеде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның ұжымына жаңа басшы Тамара Дүйсенованы таныстырды.

Министр Т. Дүйсенованың әлеуметтік-еңбек саласындағы тиісті білімі мен мол тәжірибесін атап өтіп, бірінші кезекте тұрған бірқатар мәселелерді міндеттеді.

«Тамара Қасымқызы әлеуметтік-еңбек саласын дамытуға елеулі үлес қосты, бүгінгі күні еңбек нарығының тиімділігі мен еңбек ресурстарының сапасын арттыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру және ел басшылығы қойған басқа да тапсырмаларды орындауда мол тәжірибесі бар», - деп атап өтті министр.

Тамара Дүйсенова Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Әр жылдары жауапты басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі, жауапты хатшысы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, «Nur Otan» партиясының хатшысы қызметтерін атқарды.

Орталықтың бұрынғы басшысы Ербол Оспанов «ЕРДО» АҚ-ның бірінші вице-президенті қызметіне ауысты.

В понедельник, 15 июля, министр труда и социальной защиты населения РК Бердибек Сапарбаев представил коллективу АО «Центр развития трудовых ресурсов» нового руководителя Тамару Дуйсенову.

Министр отметил, что Т.Дуйсенова обладает соответствующими знаниями и большим опытом работы в социально-трудовой сфере и поставил ряд первоочередных задач.

«Тамара Касымовна внесла значительный вклад в развитие социально-трудовой сферы, имеет опыт, который сегодня необходим для развития эффективного рынка труда, повышения качества трудовых ресурсов, социального и пенсионного обеспечения, занятости населения, цифровизации социально-трудовой сферы и других поручений, поставленных руководством страны», - подчеркнул министр.

Тамара Дуйсенова окончила Ташкентский институт народного хозяйства. Кандидат экономических наук. В разные годы занимала ответственные руководящие посты. Работала первым заместителем акима города Шымкент, заместителем акима Южно-Казахстанской области, вице-министром, ответственным секретарем Министерства труда и социальной защиты населения РК, министром здравоохранения и социального развития РК, министром труда и социальной защиты населения РК, секретарем партии «Nur Otan».

Прежний руководитель Центра Ербол Оспанов перешел на должность первого вице-президента АО «ЦРТР».

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tamara-d-ysenova-e-bek-resurstaryn-damytu-ortaly-y-a-ny-basshysy-lauazymyna-ta-ayyndaldy-836314](https://yvision.kz/kk/post/tamara-d-ysenova-e-bek-resurstaryn-damytu-ortaly-y-a-ny-basshysy-lauazymyna-ta-ayyndaldy-836314)