---
title: "#Talks2050: еліміздің болашағы туралы айтамыз"
description: "«#Talks2050: еліміздің болашағы туралы айтамыз» – бірегей форматтағы шара, оның мақсаты – Қазақстанн..."
author: "AdilNazar"
published: "2014-10-24T05:21:31+00:00"
modified: "2014-10-24T05:21:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/talks2050-elimizdi-bolasha-y-turaly-aytamyz-435598"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/talks2050-elimizdi-bolasha-y-turaly-aytamyz-435598/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# #Talks2050: еліміздің болашағы туралы айтамыз

> «#Talks2050: еліміздің болашағы туралы айтамыз» – бірегей форматтағы шара, оның мақсаты – Қазақстанн...

*«#Talks2050: еліміздің болашағы туралы айтамыз» – бірегей форматтағы шара, оның мақсаты – Қазақстанның болашағы, оның даму көкжиегі жайлы талқылау.*

Форумды ҚР білім және ғылым министрлігі мен ҚР мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұйымдастырып отыр.

**Кездесудің көздеп отырғаны – әр саладағы түрлі өзекті мәселелерді демократиялық сипатта талқылап, қатысушылардың өзара еркін пікір алмасуына жағдай туғызу.**

Форум бағдарламасы екі бөлімнен тұрады. Форумның бірінші бөлімі TED конференциясы форматына негізделген – өзекті тақырыптар төңірегінде ой өрбітуге, ғылыми-техникалық жетістіктерді көрсетуге, өмірлік тәжірибесі мол әрі ерекше адамдардың өзін танытуына мүмкіндік беретін шоу. **«#**Talks2050: еліміздің болашағы туралы айтамыз» форумының бұл бөлімінде 10 спикерге сөз берілмек. Олардың арасында **«Vizor holding» АҚ директорлар Кеңесінің төрағасы Айдан Кәрібжанов, Қазақстан экономистері қауымдастығының атқарушы директоры** **Олжас Хұдайбергенов, венчурлік инвестор, бизнесмен Кеңес Рақышев** сынды танымал медиатұлғалар бар.

Форумның екінші бөлімі – топпен жұмыс – **World Café** форматында ұйымдастырылған. Бұл әдіс кешенді мәселелерді шешу, бірнеше сұрақтарға жауап алу, айрықша шешімдер қабылдау, түрлі көзқарастарды бір арнаға тоғыстыру, тәжірибе алмасу, тағы да басқа түйткілдердің басын ашу үшін қолданылады.

Осылайша, конференцияға қатысушылар үш сағаттан аз уақыт ішінде ұлттық қауіпсіздік, демография, білім, экология, инновациялық технологиялар, ғылым, мәдениет, тағы да басқа салаларда жүрген мамандардың 2050 жылғы еліміздің даму көрсеткіші жайлы болжамдарын тыңдап, болашаққа көз жүгірте алады.

Форумға барлығы 300ден астам қатысушы қатыспақ.

**[#Talks2050 бағдарламасы](http://www.kz2050.kz/kz/news/1279)**

** **

** ![](https://storage.yvision.kz/images/user/adilnazar/H12x5Mwys99z29QpBtIrq9KrTf7h5E.jpg) **

 

**Бізді қолдағандар:** ҚР білім және ғылым министрлігі мен ҚР мәдениет және спорт министрлігі.

 

**Өтетін орны мен уақыты:** Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы 86, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның үлкен концерт залы. Сағат 11.00-ден 16.30-ға дейін. Тіркеу уақыты: сағат 10.00.

 

**БАҚ тіркеу сұрақтары бойынша:** "Қазақстан 2050" Жалпыұлттық қозғалысының медиадиректоры Қанат Әуесбай, +77014130140, [kanat.auyesbay@gmail.com](mailto:kanat.auyesbay@gmail.com)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/talks2050-elimizdi-bolasha-y-turaly-aytamyz-435598](https://yvision.kz/kk/post/talks2050-elimizdi-bolasha-y-turaly-aytamyz-435598)