---
title: "Темір жол транзиті: Қазақстанның инфрақұрылымдық серпіліс жоспары"
description: "Жаңа желілер, цифрландыру, транзит уақытын қысқарту: Қазақстанның көлік саласындағы негізгі жетістіктер мен даму бағыттары."
author: "akorda"
published: "2025-07-31T06:51:15+00:00"
modified: "2025-07-31T06:51:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/talgat-aldybergenov-kazakstannyn-temir-zhol-koligi-tranzit-aleuetin-keneytude-1015995"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/talgat-aldybergenov-kazakstannyn-temir-zhol-koligi-tranzit-aleuetin-keneytude-1015995/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Темір жол транзиті: Қазақстанның инфрақұрылымдық серпіліс жоспары

> Жаңа желілер, цифрландыру, транзит уақытын қысқарту: Қазақстанның көлік саласындағы негізгі жетістіктер мен даму бағыттары.

**Талғат Алдыбергенов:**

➤ биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша эксплуатациялық жүк айналымы 8,6 пайызға ұлғайғанын айтты.

🟦 Транзит тасымалының көлемі 14,6 миллион тоннаға жеткен.

➤ Трансұлттық теміржол дәлізін қалыптастыру үшін 1700 шақырымнан астам жаңа желі салынып, 3 мың шақырым жол жаңғыртылып жатқаны туралы баяндады:

🟦 биыл Достық-Мойынты учаскесіндегі жолдың екінші бөлігі және Алматы бекетін айналып өтетін темір жол желісінің құрылысы аяқталады;

🟦 Дарбаза – Мақтаарал жобасын іске асыру жалғасуда;

🟦 Бақты – Аягөз және Қызылжар – Мойынты желілерінің құрылысы басталды.

➤ Терминал желілерін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатқаны жөнінде мәлімет берді.

➤ Цифрландыру мәселесіне айрықша назар аударылатынын жеткізді:

🟦 Әлемдік деңгейдегі инновацияның көшбасшыларымен бірлесіп, теміржол көлігінің сапасын жақсарту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары қолға алынған;

🟦 Транскаспий халықаралық көлік дәлізіндегі транзиттік декларацияны ресімдеу уақыты 8 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды.

❗️ Мемлекет басшысы Қазақстанның транзит әлеуетін және экономикасын дамытуда компания үлкен рөл атқаратынын атап өтіп, көлік инфрақұрылымын оданәрі жаңғыртудың маңызына тоқталды.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/talgat-aldybergenov-kazakstannyn-temir-zhol-koligi-tranzit-aleuetin-keneytude-1015995](https://yvision.kz/kk/post/talgat-aldybergenov-kazakstannyn-temir-zhol-koligi-tranzit-aleuetin-keneytude-1015995)