---
title: "Талдықорғанда патриоттар шеруі өтті"
description: "4 маусым - Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Жастар» саябағындағы Мемлекеттік тутұғырдың жанында «Менің рәміздерім – менің мақтанышым!» атты патриоттық акция ұйымдастырылды. Фото: Жеңіс Ысқабай Бұл туралы Жетісу облысының қоғамдық даму..."
author: "orazali"
published: "2024-06-04T08:28:59+00:00"
modified: "2024-06-04T08:28:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/taldy-or-anda-patriottar-sherui-tti-1005301"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/taldy-or-anda-patriottar-sherui-tti-1005301/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Талдықорғанда патриоттар шеруі өтті

> 4 маусым - Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Жастар» саябағындағы Мемлекеттік тутұғырдың жанында «Менің рәміздерім – менің мақтанышым!» атты патриоттық акция ұйымдастырылды. Фото: Жеңіс Ысқабай Бұл туралы Жетісу облысының қоғамдық даму...

*4 маусым - Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Жастар» саябағындағы Мемлекеттік тутұғырдың жанында «Менің рәміздерім – менің мақтанышым!» атты патриоттық акция ұйымдастырылды. *

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/ed14e212713d19fe6c2bbfbc56a4bc.jpg)

*Фото: Жеңіс Ысқабай*

Бұл туралы Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасындағылар хабарлап отыр.

Аталған шара барысында Мемлекеттік Ту және Мемлекеттік Елтаңба ұстаған еліміздің рәміздерін Әлемдік аренада желбіретіп, Тәуелсіз Қазақстан Республикасын төрткүл дүниеге паш етіп жүрген нағыз патриоттарымыз қала көшелерімен «Патриоттар шеруінде»** **жүріп өтті.

Шеруге спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының, Әлем чемпионаттарының, Халықаралық жарыстардың жүлдегерлері, «Ұлы дала жорығы» марафон – бәйгесінің жеңімпаздары, мәдениет қайраткерлері, өнерпаздар, белсенді жастар, волонтерлер, қоғамдық ұйымдар, «Жас сарбаз» кадет сыныптарының белсенділері қатысты.

Шеруге қатысушылар Мемлекеттік тутұғырдың жанындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін бір мезгілде орындау акциясына келіп қосылды.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/032b6858b83d0bfbbc5806fdb94345.jpg)

Іс-шараға қатысушылар бір мезгілде Мемлекеттік Гимнді орындады. Соңынан патриоттық әндер шырқалды.* *

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/taldy-or-anda-patriottar-sherui-tti-1005301](https://yvision.kz/kk/post/taldy-or-anda-patriottar-sherui-tti-1005301)