---
title: "Талдықорғанда «Домбыра пати» өтті"
description: "Ағымдағы жылдың 28 ақпан күні \"Сити плюс\" сауда кешенінде қаланың белсенді жастарының ұйымдастыруыме..."
author: "aikosadyr"
published: "2016-02-28T11:10:20+00:00"
modified: "2016-02-28T11:13:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/taldy-or-anda-dombyra-pati-tti-680814"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/taldy-or-anda-dombyra-pati-tti-680814/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Талдықорғанда «Домбыра пати» өтті

> Ағымдағы жылдың 28 ақпан күні "Сити плюс" сауда кешенінде қаланың белсенді жастарының ұйымдастыруыме...

Ағымдағы жылдың 28 ақпан күні "Сити плюс" сауда кешенінде қаланың белсенді жастарының ұйымдастыруымен "Домбыра пати" өткізілді. Шараның басты мақсаты жастар арасында ұлттық мәдени және рухани құндылықтарды молайту, ұлттық музыка мен ұлттық музыкалық аспаптарды насихаттау болып табылады. Негізінен "Домбыра пати" 3 кезеңнен тұрады, олар: терме, күй және ән айту. "Пати" барысында жүргізуші болады, ол ортаға шығып домбыра пати басталуын жариялап, қатысушыларға домбыра ұсынады. Шараның аудиториясына шектеу қойылмаған, мектеп оқушысынан үлкен буын қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады екен.

![Талдықорғанда «Домбыра пати» өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/aikosadyr/mJ3tDjT2X3X70rNKw265NnrFKSqQ1Y.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/taldy-or-anda-dombyra-pati-tti-680814](https://yvision.kz/kk/post/taldy-or-anda-dombyra-pati-tti-680814)