---
title: "«Талдау мектебі. Қарағанды» жобасы өз мәресіне жетті"
description: "Жобаға біздің ішкі саясат басқармасынан бес жас мемлекеттік қызметші қатысты:* Жұлдыз Сагимбаева – басқарма басшысының орынбасары* Мөлд..."
author: "journalist_n"
published: "2025-12-17T09:36:33+00:00"
modified: "2025-12-17T09:36:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/taldau-mektebi-karagandy-zhobasy-oz-maresine-zhetti-1019010"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/taldau-mektebi-karagandy-zhobasy-oz-maresine-zhetti-1019010/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Талдау мектебі. Қарағанды» жобасы өз мәресіне жетті

> Жобаға біздің ішкі саясат басқармасынан бес жас мемлекеттік қызметші қатысты:* Жұлдыз Сагимбаева – басқарма басшысының орынбасары* Мөлд...

**Жобаға біздің ішкі саясат басқармасынан бес жас мемлекеттік қызметші қатысты:***** Жұлдыз Сагимбаева – басқарма басшысының орынбасары***** Мөлдір Жамиева және Нұрлан Аймагамбетов – бөлім басшылары***** Даниял Сламханов және Ақерке Исатаева – басқарма мамандары** ![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/1acdade640616880918a967321a832de.jpg?width=1080&height=720) Бес апта бойы қатысушыларға ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев, Сенат Төрағасының орынбасары Жақып Асанов, Сенат Аппараты басшысының орынбасары Болат Кальянбеков, сондай-ақ республикалық деңгейдегі жетекші саясаттанушылар мен сарапшылар дәріс оқыды.Лекциялар мен практикалық сабақтар қатысушылардың кәсіби көкжиегін кеңейтіп, мемлекеттік саясат, коммуникациялар және деректерді талдау саласындағы заманауи үрдістерді терең түсінуге мүмкіндік берді. ![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/f6267868808e96ea9e5ae848de0a6720.jpg?width=1080&height=720) Басқарма үшін бұл – кадрлық әлеуетті нығайтып, қызметкерлердің аналитикалық құзыреттерін дамытуға бағытталған маңызды қадам. Сонымен қатар, жобаға қатысқан Жұлдыз Сагимбаева қатысқан топ қатысушылардың дауыс беру нәтижесі бойынша «Қарағанды Vibe: өңірдің жастар үшін тартымды бейнесін қалыптастыру» атты үздік аналитикалық жобаның авторы деп танылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/taldau-mektebi-karagandy-zhobasy-oz-maresine-zhetti-1019010](https://yvision.kz/kk/post/taldau-mektebi-karagandy-zhobasy-oz-maresine-zhetti-1019010)