---
title: "Талапкерлердің 74 пайызы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырған"
description: "Елімізде негізгі ҰБТ басталғаннан бері 211 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 74%-ы қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде, 171 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Фото: baq.kz ҰБТ басталғалы шекті балды 76% талапкер жинады. Орташа..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-06-21T07:05:25+00:00"
modified: "2024-06-21T07:05:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/talapkerlerdi-74-payyzy-bt-ny-aza-tilinde-tapsyr-an-1005896"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/talapkerlerdi-74-payyzy-bt-ny-aza-tilinde-tapsyr-an-1005896/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Талапкерлердің 74 пайызы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырған

> Елімізде негізгі ҰБТ басталғаннан бері 211 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 74%-ы қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде, 171 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Фото: baq.kz ҰБТ басталғалы шекті балды 76% талапкер жинады. Орташа...

*Елімізде негізгі ҰБТ басталғаннан бері 211 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 74%-ы қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде, 171 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/238f842e3f4ab8b44a7f981048da60.jpg)

*Фото: baq.kz*

ҰБТ басталғалы шекті балды 76% талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 68 балды құрады. Ең жоғары балл – 138. 8 адам 137 балл жинады.

Қазіргі таңда тестке қатысушылардың басым бөлігі, атап айтқанда, 18%-ы «Математика-Физика», 16%-ы «Биология-Химия» пәндер комбинациясын тапсырды. 15%-ы «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға бес аптаның ішінде 577 талапкер қатысты.

Осы аптада жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясы өз жұмыстарын бастап, 25 тамызға дейін оқуға түсуге құжаттарды қабылдайтын болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/talapkerlerdi-74-payyzy-bt-ny-aza-tilinde-tapsyr-an-1005896](https://yvision.kz/kk/post/talapkerlerdi-74-payyzy-bt-ny-aza-tilinde-tapsyr-an-1005896)