---
title: "«Талап» радиосының тыңдаушыларына сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуде қолданылып жатырған шаралар жөнінде айтылды"
description: "2017 жылдың 17 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-11-17T05:23:19+00:00"
modified: "2017-11-17T05:23:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/talap-radiosyny-ty-daushylaryna-sybaylas-zhem-orly-de-geyin-t-mendetude-oldanylyp-zhatyr-an-sharalar-785328"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/talap-radiosyny-ty-daushylaryna-sybaylas-zhem-orly-de-geyin-t-mendetude-oldanylyp-zhatyr-an-sharalar-785328/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Талап» радиосының тыңдаушыларына сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуде қолданылып жатырған шаралар жөнінде айтылды

> 2017 жылдың 17 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққ...

2017 жылдың 17 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Ерқанат Ерланұлы қалалық «Талап» радиосының «Актуальное интервью» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.

Е.Ерланұлы өзінің сұхбатында бүгінгі күні елімізде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мақсатында маңызды қадамдар жасалғандығын атап өтті. Әрине, сыбайлас жемқорлықпен күрес тек мемлекеттік органдарға ғана емес, барша қоғамның белсенді қатысуына байланысты. Сондай-ақ, ол мекемелердің ұйымдастыру-басқару қызметтерінде тәуекелдерді анықтауға мүмкіндік беретін сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған институттардың бірі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау екендігін атап өтті.

Сұхбат соңында бағдарлама қонағы облыс тұрғындарын қоғамды жемқорлықтан тазартуға, басқа азаматтарға үлгі болуға, заңды сақтауға және оны құрметтеуге шақырды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/talap-radiosyny-ty-daushylaryna-sybaylas-zhem-orly-de-geyin-t-mendetude-oldanylyp-zhatyr-an-sharalar-785328](https://yvision.kz/kk/post/talap-radiosyny-ty-daushylaryna-sybaylas-zhem-orly-de-geyin-t-mendetude-oldanylyp-zhatyr-an-sharalar-785328)