---
title: "Табысы аз отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға кепілдендірілген әлеуметтік топтамасы"
description: "ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек алатын табысы аз отбасыл..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2019-12-09T03:38:18+00:00"
modified: "2019-12-09T03:38:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tabysy-az-otbasylardy-1-zhastan-6-zhas-a-deyingi-balalar-a-kepildendirilgen-leumettik-toptamasy-845583"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tabysy-az-otbasylardy-1-zhastan-6-zhas-a-deyingi-balalar-a-kepildendirilgen-leumettik-toptamasy-845583/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Табысы аз отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға кепілдендірілген әлеуметтік топтамасы

> ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек алатын табысы аз отбасыл...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек алатын табысы аз отбасылардың балаларына арналған 2020 жылғы 1 қаңтардан беріле бастайтын кепілдендірілген әлеуметтік топтама құрамын қалыптастырды.

Кепілдендірілген әлеуметтік топтама 1 жастан 6 жасқа дейін және 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға беріледі. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік және тұрмыстық химия тауарларының жиынтықтары қосылады деп жоспарлануда. Өз кезегінде азық-түлік жиынтығы: 1-ден 3 жасқа дейін және 3-тен 6 жасқа дейін балалардың жас санатына байланысты әр түрлі болады.

ҚР ДСМ ұсынымдарына сәйкес азық-түлік жиынтықтары физиологиялық ерекшеліктерді, азық-түліктің тағамдық және энергетикалық құндылығының арақатынасы мен баланың жасына сәйкес оларды пайдалану нормаларын ескере отырып қалыптастырылған және бұл жиынтық АӘК тағайындау кезеңінде айына бір рет берілетін болады.

1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға арналған тамақ өнімдерінің жиынтығына: ультра пастерленген сүт 2,5%, 1,95 л; балалар печеньесі (5 айдан бастап балаларға арналған), 180 гр.; өлшеп оралған ұнтақ жармасы, 700 гр.; балаларға арналған гипоаллергенді ботқалар ассортименті (5 айдан бастап балаларға арналған), 320 гр.; балалар пюресінің гипоаллергенді ассортименті, 1150 гр.; жүгері жармасы, 400 гр.; буып-түйілген сұлы үлпектері, 800 гр. кіреді

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған азық-түлік жиынтығына: 2,5%, 1,95 л ультра пастерленген сүт; бидайдың қатты сорттарынан жасалған макарондар, 800 гр.; буып-түйілген сұлы үлпектері, 800 гр.; күнбағыс майы, 0,8 л; классикалық гематоген, 240 гр.; құрамында ұнталмаған дәндер бар таңғы асқа арналған сүт жастықшалары, 250 гр.; темірге, С және В дәрумендерге бай балалар печеньесі (5 айдан бастап балаларға арналған), 360 гр.; өлшеп оралған арпа жармасы, 1 кг; өлшеп оралған қарақұмық жармасы, 1600 гр.; жарылған бұршақ, 800 гр.; өлшеп оралған ұнтақ жармасы, 700 гр.; табиғи бал, 200 гр. кіреді.

Бұл жинақтар баланың күндізгі тамақтану рационын қамтамасыз етуге арналмағанын, олардың мақсаты – өсіп келе жатқан ағзадағы витаминдердің жетіспеушілігін өтеу екендігін атап өткен жөн.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған тұрмыстық химия тауарларының жиынтығының құрамын да ҚР ДСМ анықтады. Оған жеке гигиена заттары (бірінші қажеттілік): балалар кремі, крем-сабын, кір сабын, тіс пастасы, балалар сусабыны, тіс щеткасы, кір жуатын ұнтақ кірді. Мұндай жиынтықпен табысы аз отбасылардан шыққан балалар АӘК тағайындау кезеңінде тоқсанына бір рет қамтамасыз етілетін болады.

---------------------------------------------------------------

Министерством труда и социальной защиты населения РК сформирован состав гарантированного соцпакета для детей из малообеспеченных семей, получающих адресную социальную помощь, который будет предоставляться им с 1 января 2020 года.

Гарантированный соцпакет предусматривается для детей в возрасте от 1 до 6 лет и от 6 до 18 лет. Планируется, что для детей в возрасте от 1 до 6 лет в него будут входить продуктовый набор и набор товаров бытовой химии. В свою очередь продуктовый набор будет отличаться по своему составу в зависимости от возрастной категории детей: от 1 до 3 лет и от 3 до 6 лет.

В соответствии с рекомендациями МЗ РК, продуктовые наборы сформированы с учетом физиологических особенностей, соотношения пищевой и энергетической ценности продуктов и нормы их употребления в соответствии с возрастом, и будут выдаваться раз в месяц, на период назначения АСП.

В набор продуктов питания для детей в возрасте от 1 года до 3 лет входят: молоко ультра пастеризованное 2,5%, 1,95 л; детское печенье (для детей в возрасте от 5 месяцев), 180 гр.; крупа манная фасованная, 700 гр.; каша детская гипоаллергенная в ассортименте (для детей в возрасте от 5 месяцев), 320 гр.; пюре детское гипоаллергенное в ассортименте, 1150 гр.; крупа кукурузная фасованная, 400 гр.; хлопья овсяные фасованные, 800 гр.

В набор продуктов питания для детей в возрасте от 3 до 6 лет входят: молоко ультра пастеризованное 2,5%, 1,95 л; макароны из твердых сортов пшеницы, 800 гр.; хлопья овсяные фасованные, 800 гр.; масло подсолнечное, 0,8 л; гематоген классический, 240 гр.; молочные подушечки для завтрака с содержанием цельных злаков, 250 гр.; детское печенье (для детей в возрасте от 5 месяцев), обогащённое железом и витаминами С и В, 360 гр.; крупа перловая фасованная, 1 кг; крупа гречневая фасованная, 1600 гр.; горох колотый фасованный, 800 гр.; крупа манная фасованная, 700 гр.; мед натуральный, 200 гр.

Необходимо отметить, что данные наборы не предназначены обеспечивать дневной рацион питания ребенка, их цель – компенсировать возможную нехватку витаминов в подрастающем организме.

Состав набора товаров бытовой химии для детей в возрасте от 1 года до 6 лет вошли предметы личной гигиены (первой необходимости): детский крем, крем-мыло, мыло хозяйственное, зубная паста, детский шампунь, зубная щетка, стиральный порошок. Данным набором дети из малообеспеченных семей будут обеспечиваться раз в квартал, на период назначения АСП.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tabysy-az-otbasylardy-1-zhastan-6-zhas-a-deyingi-balalar-a-kepildendirilgen-leumettik-toptamasy-845583](https://yvision.kz/kk/post/tabysy-az-otbasylardy-1-zhastan-6-zhas-a-deyingi-balalar-a-kepildendirilgen-leumettik-toptamasy-845583)