---
title: "Табысты өткізуге күш салады"
description: "Published 12.10.2015 egemen.kz Астана қаласында Қазақстан Рес­пуб­ликасының Сыртқы істер министрі ..."
author: "Green-bridge1"
published: "2015-10-11T23:54:43+00:00"
modified: "2015-10-11T23:54:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tabysty-tkizuge-k-sh-salady-577703"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tabysty-tkizuge-k-sh-salady-577703/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Табысты өткізуге күш салады

> Published 12.10.2015 egemen.kz Астана қаласында Қазақстан Рес­пуб­ликасының Сыртқы істер министрі ...

Published 12.10.2015

[egemen.kz](http://egemen.kz/2015/10/08/1327) [!\[img_55a41e595c7a3\](http://gbpp.org/wp-content/uploads/2015/10/img_55a41e595c7a3.jpg)](http://gbpp.org/wp-content/uploads/2015/10/img_55a41e595c7a3.jpg) Астана қаласында Қазақстан Рес­пуб­ликасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Халықаралық көрмелер бюросының Бас директоры Висенте Лоссерталеспен кездесті. Министр Астана қаласында ЭКСПО-2017-ні өткізуге дайындық барысында ХКБ-ның қолдауын жоғары бағалады және халықаралық қатысушыларды тарту, сондай-ақ, беделді халықаралық алаңдарда «Болашақ энергиясы» тақырыбын ілгерілету бойынша қазақстандық тараптың атқарған жұмысы туралы әңгімеледі. Қазақстан басшылығы ЭКСПО-2017 көрмесінің дайындығына ерекше назар аударатыны туралы баса айтылды. «Қазақстан көрменің табысты өтуіне барынша күш салуда», – деп атап көрсетті министр. Тараптар алдағы бірлескен жұмыс жоспарларын талқылады. Е.Ыдырысов В.Лоссерталесті Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында сөйлеген сөзінің басты тезистерімен, сондай-ақ, әлемдегі барлық мемлекеттерді ЭКСПО-2017 көрмесіне ша­қыр­ғаны және Астанада БҰҰ қамқорлығымен «жасыл» экономиканы дамыту технологиялары мен инвестициялық жобалар жөнінде халықаралық орталықты ашу ұсынысы туралы хабардар етті.

http://gbpp.org/kz/2015/10/9606

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tabysty-tkizuge-k-sh-salady-577703](https://yvision.kz/kk/post/tabysty-tkizuge-k-sh-salady-577703)