---
title: "Табиғи қорлар басқармасында дөңгелек үстел өтті"
description: "Маңғыстау облысы бойынша табиғи қорлар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында ағымдағы жы..."
author: "StopCorruption"
published: "2015-07-15T07:53:08+00:00"
modified: "2015-07-15T07:53:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tabi-i-orlar-bas-armasynda-d-gelek-stel-tti-521944"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tabi-i-orlar-bas-armasynda-d-gelek-stel-tti-521944/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Табиғи қорлар басқармасында дөңгелек үстел өтті

> Маңғыстау облысы бойынша табиғи қорлар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында ағымдағы жы...

![Табиғи қорлар басқармасында дөңгелек үстел өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/stopcorruption/UmhOu2sp12wK8I5XYN2wRmgulu1a1f.jpg)

Маңғыстау облысы бойынша табиғи қорлар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында ағымдағы жылдың **10 шілдесінде** сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға басқарма қызметкерлері және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілі қатысты.

Бұл кездесудің мақсаты мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық қатерлерін алдын алу.

Семинар барысында алғашқы сөз кезегі «Экологиялық жобаларды сараптау» бөлімінің басшысы **Г.Мутановаға** берілді. **Г.Мутанова** өз кезегінде жиналған қызметкерлерге «коррупция» сөзінің мағынасын түсіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің әлемдік тәжірибиесі туралы айтып өтті. Келесі сөз кезегі аумақтық Департаменттің өкілі **Ұ.Қадырбаеваға** беріліп, Департамент қызметінің басым бағыттары, мемлекеттік қызметті өткеру, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары, Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсіндіріп өтті.

Сонымен бірге Департаменттің жаңа жұмыс бағыттары – талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау, жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша сөз қозғалды.

Кездесу соңында басқарма қызметкерлері мемлекеттік қызметті өткеру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы сұрақтарына жауаптар алды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tabi-i-orlar-bas-armasynda-d-gelek-stel-tti-521944](https://yvision.kz/kk/post/tabi-i-orlar-bas-armasynda-d-gelek-stel-tti-521944)