---
title: "Табиғат әлемі"
description: "Уа, табиғат, құдіретіңнен айналдым, Сәні болдың таусылмайтын ойлардың. Әсемдігің, сұлулығың елжіт..."
author: "gulnur_kakimzhanova"
published: "2012-04-29T01:00:26+00:00"
modified: "2012-04-29T01:00:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tabi-at-lemi-252404"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tabi-at-lemi-252404/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Табиғат әлемі

> Уа, табиғат, құдіретіңнен айналдым, Сәні болдың таусылмайтын ойлардың. Әсемдігің, сұлулығың елжіт...

**

![Табиғат әлемі](https://storage.yvision.kz/images/user/gulnur_kakimzhanova/8M6g1HUgzjfAVJ4o083NKAuEj6pSr8.jpg)

**

** **

**Уа, табиғат, құдіретіңнен айналдым,**

**Сәні болдың таусылмайтын ойлардың.**

**Әсемдігің, сұлулығың елжітер**

**Серігіндей күндіз Күннің, түнде Айдың.**

** **

** **

**Өзен - көлдер жылғасымен жарасқан,**

**Сырын айтып бір-біріне қарасқан.**

**Мөлдір көлдің сағым ойнап жүзінде**

**Арайланған аспанда Аймен таласқан.**

** **

** **

**Жұлдыздар да тізіліпті маржандай,**

**Сезім жібі қалай тұрар жалғанбай.**

**Тылсым түнде аспаннан сыр тамғандай,**

**Есі кетіп егіз жүрек жанғандай.**

** **

** **

**Тау мүлгиді, орман терек сақалы,**

**Табиғаттың ерекше бір мақамы.**

**Етегінде еркелеген бұлағы**

**Сырға толы сылдырап тіл қатады.**

** **

** **

**Қарай алмай қайыңдар да мақтанып,**

**Тербеле алмай теректер де бапталып.**

**Сұлулықтың сырын ұқпай пенделік,**

**Шалғындары табанда жатыр тапталып.**

** **

** **

**Ұғар ма табиғаттың нарқын адам,**

**Дей ме екен : «Кереметін тартып алам!»**

**Тамшымын жанарыңда мөлдіреген,**

**Мен де бір жапырағың қалтыраған. **

***Гүлнұр Қуанышбекқызы* **

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tabi-at-lemi-252404](https://yvision.kz/kk/post/tabi-at-lemi-252404)