---
title: "Таба алман, жалғыз ғана барымысың?!"
description: "Таң шапағы, арайымен ақ таңдағы, Оянам деп жастыққа жатсамдағы. Күлiмдеген еркемдей сан жұлдыздар..."
author: "Erkosh"
published: "2012-08-12T00:29:14+00:00"
modified: "2012-08-12T00:29:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/taba-alman-zhal-yz-ana-barymysy-282573"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/taba-alman-zhal-yz-ana-barymysy-282573/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Таба алман, жалғыз ғана барымысың?!

> Таң шапағы, арайымен ақ таңдағы, Оянам деп жастыққа жатсамдағы. Күлiмдеген еркемдей сан жұлдыздар...

![Таба алман, жалғыз ғана барымысың?!](http://im9.asset.yvimg.kz/userimages/erkosh/9f73VV3Exdkuvd2FW464OkZsM7Ru6X.gif)

***Таң шапағы, арайымен ақ таңдағы,***

***Оянам деп жастыққа жатсамдағы.***

***Күлiмдеген еркемдей сан жұлдыздар,***

***Маған маза бермедi аспандағы.***

***Жарайды, ұйқысыз таң атырайын,***

***Тарайды жұлдыздарың, батып айың.***

***Осы түн, осы жұлдыз, өткен шақтар,***

***Елесiн есiк қағып шақырайын.***

***Жаралған өмiрдегi бағым үшiн,***

***Сары алған көңiлдегi сағынышым.***

***Таралған жан шуағы сендей жанды,***

***Таба алман, жалғыз ғана барымысың?!***

***Күздеймiн жаным бiр ән, аласұрам,***

***Iздеймiн қалың тұман арасынан.***

***Yзбеймiн үмiтiмдi, жаным жара,***

***Сiз деймiн емдейтұғын жарасынан.***

***Қайтейiн қиналамын қапаланып,***

***Сәл кейiн арайлы таң атар анық.***

***Сан жұлдыздар жотасынан күмiс бұлақ,***

***Сағыныштың сылдыры жатар ағып... ***

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/taba-alman-zhal-yz-ana-barymysy-282573](https://yvision.kz/kk/post/taba-alman-zhal-yz-ana-barymysy-282573)