---
title: "Тағы бір Үндеуге үңілсек"
description: "aЕл басқарған тұлғаға қарап, маңызды саяси мәлімдеме жасайтынын күтесің. Сонда жолдауын саясатқа еме..."
author: "yerlan_iskakov"
published: "2017-01-30T08:43:56+00:00"
modified: "2022-03-17T16:18:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ta-y-bir-ndeuge-ilsek-752985"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ta-y-bir-ndeuge-ilsek-752985/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тағы бір Үндеуге үңілсек

> aЕл басқарған тұлғаға қарап, маңызды саяси мәлімдеме жасайтынын күтесің. Сонда жолдауын саясатқа еме...

![Тағы бір Үндеуге үңілсек](http://im1.asset.yvimg.kz/images/post/special/illustration/a7/a77c295d839bc9128ae6c9180af058c6_500_242.jpg?x=0.43506019664208884)

Ел басқарған тұлғаға қарап, маңызды саяси мәлімдеме жасайтынын күтесің. Сонда жолдауын саясатқа емес, ұнатпайтын тағамына арнағанын көргенде, қалай таңданбайсың...

Мына бір бейнежазбаға назар салсаңыз: бұл - АҚШ-тың бұрынғы президенті үлкен Дж.Буштың Ақ Үйдегі баспасөз конференциясынан үзінді.

Сондағы айтқаны:

«Бұл менің брокколи жайлы ақырғы мәлімдемем болмақ. Дәл осы сәтте брокколи толған жүк көліктері Вашингтонға бағыт алды.

Үйімде осы мәселеге қатысты келіспеушілік туындады. Өз басым брокколи көкөнісін ұнатпаймын.

Тіпті бала кезімнен жек көремін. Анам болса, маған оны күштеп жегізетін. Енді Құрама Штаттардың президенті ретінде айтарым – бұдан былай брокколиді аузыма да алмаймын!»

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ta-y-bir-ndeuge-ilsek-752985](https://yvision.kz/kk/post/ta-y-bir-ndeuge-ilsek-752985)