---
title: "«Таңшолпанның» қонағы — күйші Секен Тұрысбеков"
description: "Студияда жаңадан жазылған «Мәңгілік ел» авторлық күйін орындады. Композитор, күйші, «Ақ жауын» мемл..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-09-07T21:37:09+00:00"
modified: "2015-09-07T21:37:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ta-sholpanny-ona-y-k-yshi-seken-t-rysbekov-537421"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ta-sholpanny-ona-y-k-yshi-seken-t-rysbekov-537421/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Таңшолпанның» қонағы — күйші Секен Тұрысбеков

> Студияда жаңадан жазылған «Мәңгілік ел» авторлық күйін орындады. Композитор, күйші, «Ақ жауын» мемл...

Студияда жаңадан жазылған «Мәңгілік ел» авторлық күйін орындады.

![«Таңшолпанның» қонағы — күйші Секен Тұрысбеков](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/y2Q33RrbLMjlEL13FCN3Ev9g0D6May.png)

Композитор, күйші, «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі Секен Тұрысбеков «Таңшолпанда» қонақта.

Секен Тұрысбековтің тұңғыш күйі - «Көңіл толқыны». 1985 жылы шыққан. Одан басқа күй қоржынында «Ақ жауын», «Жазғы қар», «Бесік күйі», «Күлтегін», «Көкбөрі», т.б ән-күйлер мен романстар да бар.

«Таңшолпан» студиясында жаңадан жазылған «Мәңгілік ел» авторлық күйін орындады.

«Мәңгілік - ол сұрау, жалбарыну. Батырларымыз ұйқысыз, күлкісіз жүріп, құс қанаты талып, тұлпардың тұяғы тозатын ұлан-ғайыр даламызды сақталып қалды. Осы бақытымыз баянды болсын, деген тілектен шыққан туынды», дейді күйші.

Күйдің толық нұсқасын [«Таңшолпаннан»](http://itube.kaztrk.kz/tankaz/) тыңдаңыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ta-sholpanny-ona-y-k-yshi-seken-t-rysbekov-537421](https://yvision.kz/kk/post/ta-sholpanny-ona-y-k-yshi-seken-t-rysbekov-537421)