---
title: "«Таңшолпанда» — әнші Ермек Меденов"
description: "Жас өнерпаз бүгінде түрлі концерттерге қатысып, саксофон аспабында туындылар жазумен айналысады. Кө..."
author: "TRK_kaz"
published: "2014-12-04T05:03:00+00:00"
modified: "2014-12-04T05:11:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ta-sholpanda-nshi-ermek-medenov-445456"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ta-sholpanda-nshi-ermek-medenov-445456/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Таңшолпанда» — әнші Ермек Меденов

> Жас өнерпаз бүгінде түрлі концерттерге қатысып, саксофон аспабында туындылар жазумен айналысады. Кө...

*Жас өнерпаз бүгінде түрлі концерттерге қатысып, саксофон аспабында туындылар жазумен айналысады.*

Көпшілікке «SuperStar.KZ» жобасы арқылы жақсы таныс саксофоншы, әнші Ермек Меденов бүгінде түрлі концерттерге қатысып, саксофон аспабында туындылар жазумен айналысады.

> «Ата-анам мұғалім болғанымен, өнерлі жандар. Әкем – баянда, гитарада, анам – домбырада ойнайды. Кезінде Семейде Меденовтер жанұясы деген отбасылық ансамбль де болды. Қазір басымыз қосылған кезде ғана болмаса, кезіндегі дүрілдеген ансамбль жоқ»,-дейді жас әнші.

![«Таңшолпанда» — әнші Ермек Меденов](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/Y69KhUu0MQ7igL3Uo7yorYVk0p9kog.jpg)

«Өнерде 5 жастан бері жүрмін. Әкем бала кезімізде 2-дауыс, 3-дауыс дегендер қиын ғой, соны үйрететін. Одан кейін өзімізде де қызығушылық туып, алып кеттік. Ал, алғашқы ұстазым – Эдуард Ганкин деген кісі».

Студияға саксофон және мелодик аспаптарын ала келген жас өнерпаз: «Бүгінде осы саксофон арқылы шығарылған бірнеше туындым бар. Ендігі мақсат – соны халыққа ұсыну», - дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасын [«Таңшолпаннан»](http://tankaz.kz/) көре аласыздар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ta-sholpanda-nshi-ermek-medenov-445456](https://yvision.kz/kk/post/ta-sholpanda-nshi-ermek-medenov-445456)