---
title: "«Таңшолпанда» әнші Әбдіжаппар Әлқожа қонақта болды"
description: "Жас әнші Әбдіжаппар Әлқожа «Таңшолпанда» қонақта болды. Кеше ғана Рудный қаласынан гастрольдік сап..."
author: "TRK_kaz"
published: "2014-10-03T00:35:00+00:00"
modified: "2014-10-03T00:37:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ta-sholpanda-nshi-bdizhappar-l-ozha-ona-ta-boldy-432288"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ta-sholpanda-nshi-bdizhappar-l-ozha-ona-ta-boldy-432288/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Таңшолпанда» әнші Әбдіжаппар Әлқожа қонақта болды

> Жас әнші Әбдіжаппар Әлқожа «Таңшолпанда» қонақта болды. Кеше ғана Рудный қаласынан гастрольдік сап...

*Жас әнші Әбдіжаппар Әлқожа «Таңшолпанда» қонақта болды.*

**

![«Таңшолпанда» әнші Әбдіжаппар Әлқожа қонақта болды](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/nZ20hQ81jBcuT1Q8NTpM9OS9tiRdiZ.jpg)

Кеше ғана Рудный қаласынан гастрольдік сапардан келген әнші:

> «Тек Рудный емес, Қостанай, Көкшетау, Петропавл қалаларында да концерт қойып қайттық. Солтүстіке алғашқы қадамымыз болғаннан кейін, қалай болар екен, деген ой болды. Бірақ, халық өте жылы қабылдады. Ендігі сапар - Қарағанды»,-дейді.

![«Таңшолпанда» әнші Әбдіжаппар Әлқожа қонақта болды](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/3d5e7Qgsap3RN26zC2Bh91h81Oa77c.jpg)

Жақында әпкесі Роза Әлқожамен бірігіп «Әпке» атты әнге бейнебаян түсірген Әбдіжаппар:

> «Бұл – әпке мен іні арасындағы диалог. Қалжың әңгіме ретінде түсірілді. Ән авторы – Розаның өзі. Идея - менікі»,-дейді.

![«Таңшолпанда» әнші Әбдіжаппар Әлқожа қонақта болды](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/6b316XoKcn2fIzVHM4hR3NUSbrvfvl.jpg)

«Басқа бауырларыма қарағанда, Роза әпкем мені көп еркелетеді. Мүмкін үйдің еркесі, мүмкін сенім артқандықтан болар. Бір өнерде жүргеннен кейін әпке мен іні арасында үйлесім бар»,-дейді әнші.

Әбдіжаппар тек әнші ғана емес, ол сонымен қатар, жора-жолдастарына пародия салумен де айналысады. Еркін Нұржанов пен Әлішер Кәрімовке салған пародиясын [«Таңшолпаннан»](http://tankaz.kz/studio-guest) көріңіз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ta-sholpanda-nshi-bdizhappar-l-ozha-ona-ta-boldy-432288](https://yvision.kz/kk/post/ta-sholpanda-nshi-bdizhappar-l-ozha-ona-ta-boldy-432288)