---
title: "«Таңшолпанда» — домбырашы Мұрагер Сауранбаев"
description: "Студияда ол эстрадалық «Жұлдызым» композиясын домбырамен орындады. Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасынд..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-10-05T21:50:42+00:00"
modified: "2015-10-05T21:50:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ta-sholpanda-dombyrashy-m-rager-sauranbaev-564348"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ta-sholpanda-dombyrashy-m-rager-sauranbaev-564348/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Таңшолпанда» — домбырашы Мұрагер Сауранбаев

> Студияда ол эстрадалық «Жұлдызым» композиясын домбырамен орындады. Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасынд...

Студияда ол эстрадалық «Жұлдызым» композиясын домбырамен орындады.

![«Таңшолпанда» — домбырашы Мұрагер Сауранбаев](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/hzgyQ63biGonqTD5S2j1DdX55bhqgD.png)

Бүгін [«Таңшолпан»](http://tankaz.kz/) бағдарламасында домбырашы, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері Мұрагер Сауранбаев қонақ болды.

«Музыкамен кәсіби деңгейде айналысуға уақыт бола бермейді. Жұмыстан шаршап келгенде домбыра тартсаң, шаршағаның басылады. Ал, қуанып келсең, шабытыңды еселейді», - дейді ол.

Сондай-ақ, шетелде іс-сапармен жүрсе де, домбыраны тастамайтынын айтады.

«Жұмысыма байланысты шетелге көп шығамын. Сағынышты басатын, көңіл күйді көтеретін – домбыра. Сондықтан қайда барсам да, домбыраны өзіммен бірге алып кетуге тырысамын», - дейді Мұрагер Сауранбаев.

Студияда ол эстрадалық «Жұлдызым» композиясын домбырамен орындады.

Толығырақ [«Таңшолпаннан»](http://tankaz.kz/) көріңіз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ta-sholpanda-dombyrashy-m-rager-sauranbaev-564348](https://yvision.kz/kk/post/ta-sholpanda-dombyrashy-m-rager-sauranbaev-564348)