---
title: "«Таңшолпан» бағдарламасы «Астанаға арнаймын» атты байқау жариялайды"
description: "Байқау «Астана туралы үздік ән» «Креативті өнерпаз», «Астаналық биші», «Астананы жырлаймын» аталымда..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-06-22T04:30:00+00:00"
modified: "2015-07-02T23:40:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ta-sholpan-ba-darlamasy-astana-a-arnaymyn-atty-bay-au-zhariyalaydy-518414"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ta-sholpan-ba-darlamasy-astana-a-arnaymyn-atty-bay-au-zhariyalaydy-518414/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Таңшолпан» бағдарламасы «Астанаға арнаймын» атты байқау жариялайды

> Байқау «Астана туралы үздік ән» «Креативті өнерпаз», «Астаналық биші», «Астананы жырлаймын» аталымда...

**Байқау «Астана туралы үздік ән» «Креативті өнерпаз», «Астаналық биші», «Астананы жырлаймын» аталымдары бойынша өтеді.**

**

![«Таңшолпан» бағдарламасы «Астанаға арнаймын» атты байқау жариялайды](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/rT4Ly50s4yc6cv3NruHmsFt2WRvX97.jpg)

**

Астана күніне орай «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы «Астанаға арнаймын» атты байқау жариялайды. Астанаға арналған үздік әніңіз, жүрекжарды жырыңыз, ерекше өнеріңіз, қойылымды биіңіз болса, байқауға атсалысыңыз.

27-28 маусым күндері Елордадағы **«Сарыарқа»** ойын-сауық орталығында өтетін өнер жарысына қатысып, жеңімпаз атаныңыз.

**«Астана туралы үздік ән» «Креативті өнерпаз», «Астаналық биші», «Астананы жырлаймын»** аталымдары бойынша топ жарып, бағалы сыйлыққа ие болыңыз. Қосымша сұрақтар бойынша: Тел.: 8 (717) 2 – 55-38-15

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ta-sholpan-ba-darlamasy-astana-a-arnaymyn-atty-bay-au-zhariyalaydy-518414](https://yvision.kz/kk/post/ta-sholpan-ba-darlamasy-astana-a-arnaymyn-atty-bay-au-zhariyalaydy-518414)