---
title: "Тағдырды жазған қалам көтеріліп, Парақтан сия кепкен әлде қашан."
description: "Тағдырға шүкіршілік! Тағдырым қинады деп болма босаң. Жарар ед өзіңді-өзің қорламасаң. Тағдырды жа..."
author: "nuriman"
published: "2013-05-22T03:45:51+00:00"
modified: "2013-05-22T03:47:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ta-dyrdy-zhaz-an-alam-k-terilip-para-tan-siya-kepken-lde-ashan-353830"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ta-dyrdy-zhaz-an-alam-k-terilip-para-tan-siya-kepken-lde-ashan-353830/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тағдырды жазған қалам көтеріліп, Парақтан сия кепкен әлде қашан.

> Тағдырға шүкіршілік! Тағдырым қинады деп болма босаң. Жарар ед өзіңді-өзің қорламасаң. Тағдырды жа...

**Тағдырға шүкіршілік!**

 

Тағдырым қинады деп болма босаң.

Жарар ед өзіңді-өзің қорламасаң.

Тағдырды жазған қалам көтеріліп,

Парақтан сия кепкен әлде қашан.

 

Бұл өмір шаттық-мұңнан құралады.

Әз басың әрнәрсемен сыналады.

Бауырым, жетімдікпен қинады деп,

Аллаға тіл тигіз бе бұдан әрі.

Жасынан жалғыз өскен Пайғамбарда,

Белгілі сабыр сақтап шыдағаны.

Мақшарда "неге жетім қалдың?"- демейд,

"Сабырмен төздің бе?" - деп сұралады.

 

Сәтсіздік күй сыйлайды езге мұңлы,

Онсызда көңіл мың-сан өзгерулі.

Тәңірім байлыққа бір жарытпад деп,

Жасыңман бұлай берме көздеріңді.

Күйзеліп ішкілікке салынасың,

Қаламас ешкім ардан безгеніңді.

Мақшарда "неге кедей болдың?" - демейд,

Сұрайды сабырменен төзгеніңді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ta-dyrdy-zhaz-an-alam-k-terilip-para-tan-siya-kepken-lde-ashan-353830](https://yvision.kz/kk/post/ta-dyrdy-zhaz-an-alam-k-terilip-para-tan-siya-kepken-lde-ashan-353830)