---
title: "Таңғажайып хайуанаттар және олардың мекені. Автор жайлы"
description: "Джоан К. Роулинг - Таңғажайып xайуанаттар және олардың мекендеу жерлері Автор жайлы Ньютон \"Ньют\" Ар..."
author: "Maksache"
published: "2016-10-12T13:57:17+00:00"
modified: "2016-11-19T01:24:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ta-azhayyp-hayuanattar-zh-ne-olardy-mekeni-avtor-zhayly-717938"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ta-azhayyp-hayuanattar-zh-ne-olardy-mekeni-avtor-zhayly-717938/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Таңғажайып хайуанаттар және олардың мекені. Автор жайлы

> Джоан К. Роулинг - Таңғажайып xайуанаттар және олардың мекендеу жерлері Автор жайлы Ньютон "Ньют" Ар...

**Джоан К. Роулинг - Таңғажайып xайуанаттар және олардың мекендеу жерлері**

**Автор жайлы**

Ньютон "Ньют" Артемис Фидо Скамандер *("аты мықты екен" - Гарри Поттердің жазуы. Ауд.ескертуі)* 1897 жылы дүниеге келген. Оның анасы асыл тұқымды гиппогрифтерді асыраған және баласына сиқырлы xайуандарға қызығуышылық дарытқан. Хогвартс Мыстандар мен Сиқыршылар мектебін бітірген соң Скамандер мырза Сиқыр министрлігінің Сиқырлы жаратылыстарды бақылау бөліміне қызметке орналасады. Екі жыл Үй-елфтерін тіркеу басқармасындағы өзі айтқандай "жаман жалықтыратын жұмыстан" кейін ол Хайуанаттар бөлімшесіне ауысып, сол жерде өзінің сиқырлы xайуанаттар туралы терең білімінің арқасында қызметтік сатымен жылдам көтеріле бастады.

1947 жылғы Құбылтектер тізілімін толықтай дерлік жасаған осы кісі болғанымен, ол өзінің ең мақтанарлық жетістігі деп Британия аймағында асырауға келмейтін неше түрлі жаңа құбыжықтардың пайда болуының алдын алған 1965 жылы қабылданған Тәжірибелік өсірімді тыйдыру туралы заңды есептейді. Айдаһарларды зерттеу және шектеу бюросында жұмыстеу кезінде ол шетелдік іс-сапарларға жиі шығып, солардың барысында өзінің қазір елу екінші басылымында шығып отырған "Қиял-ғажайып xайуанаттар және олардың мекендеу жерлері" атты әлемдік бестселлеріне мәліметтер жинаған.

Ньют Скамандер сиқырлы xайуанаттарды зерттеу, яғни Сиқырлы зоологияға қосқан маңызды үлесі үшін 1979 жылы Екінші дәрежелі Мерлин орденімен марапатталған. Қазір ол зейнетке шығып, жұбайы Порпентинамен және Хоппи, Милли, Моулер атты сүйікті үй жануарлары - жүрмелектермен бірге Дорсетте тұрады.

![Таңғажайып хайуанаттар және олардың мекені. Автор жайлы](https://storage.yvision.kz/images/user/maksache/dQ2b2o0ECVMGjrU2D9yZoM2ouPQNlW.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ta-azhayyp-hayuanattar-zh-ne-olardy-mekeni-avtor-zhayly-717938](https://yvision.kz/kk/post/ta-azhayyp-hayuanattar-zh-ne-olardy-mekeni-avtor-zhayly-717938)