---
title: "Таңғажайып хайуанаттар және олардың мекендеу жерлері: маглдардың сиқырлы хайуанаттардан хабардар болуы туралы қысқа шолу (1)"
description: "Маглдардың сиқырлы хайуанаттардан хабардар болуы туралы қысқа шолу (қысқа дегені өтірік) Маглдар біз..."
author: "Maksache"
published: "2016-10-22T06:20:56+00:00"
modified: "2016-10-25T08:54:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ta-azhayyp-hayuanattar-zh-ne-olardy-mekendeu-zherleri-magldardy-si-yrly-hayuanattardan-habardar-bolu-720469"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ta-azhayyp-hayuanattar-zh-ne-olardy-mekendeu-zherleri-magldardy-si-yrly-hayuanattardan-habardar-bolu-720469/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Таңғажайып хайуанаттар және олардың мекендеу жерлері: маглдардың сиқырлы хайуанаттардан хабардар болуы туралы қысқа шолу (1)

> Маглдардың сиқырлы хайуанаттардан хабардар болуы туралы қысқа шолу (қысқа дегені өтірік) Маглдар біз...

**Маглдардың сиқырлы хайуанаттардан хабардар болуы туралы қысқа шолу**

*(қысқа дегені өтірік)*

Маглдар біз ұзақ уақыт тапжылмай жасырып келе жатқан сиқырлы хайуандар туралы кейде біраз нәрсе білетіні сиқыршыларды таңғалдыруы мүмкін. Маглдардың орта ғасырлық өнері мен әдебиетіне қысқаша шолу жасасақ, қазір қиял боп саналатын көптеген жаратылыстар сол кездері шынайы деп танылатын. Айдаһар, грифон, жалғызмүйіз, феникс, кентавр — осы және тағы да басқа хайуанаттар маглдардың сол кездегі еңбектерінде бейнеленген, бірақ суреттерінің дәлсіздігі кейде күлкі келтіреді.

Дегенмен, сол заманның хайуанатнамасын тереңірек зерттесек, сиқырлы хайуандардың көбісі маглдардың назарынан мүлдем тыс қалғанын не басқа хайуанмен шатастырылғанын байқаймыз. Уорстерширде тұратын францискандық монах Бенедикт бауырдың жазған қолжазбасының сақталған үзіндісін қарастырайық.

***"Бүгін, бақшада ауыр еңбекпен айналысып, райxан жинап жүргенімде орасан дәу күзенге тап болдым. Басқа күзендер сияқты қашып, тығылатын түрі жоқ. Маған қарай атылып, мені жерге құлатып түсірді. Одан соң "Кетші-ей ары жолдан, тақырбас неме!" деп айқайлаған бойы мұрнымнан бас салғаны соншалық, бірнеше сағат қан тоқтамай қойды. Фриар бауыр менің сөйлейтін күзенді кездестіргеніме сенгісі келмей, Бонифаций бауыр әкелген шалқан шараптан ұрттап алмадым ба деп сұрап күдіктенді. Мұрным әлі ісіп, қансырап тұрғандықтан кешкі дұғадан босатылдым".***

Сірә, біздің магл досымыз күзенге емес, бақша гномын қуып жүрген бейпілдекке тап болғаны айғақ.

![Таңғажайып хайуанаттар және олардың мекендеу жерлері: маглдардың сиқырлы хайуанаттардан хабардар болуы туралы қысқа шолу (1)](https://storage.yvision.kz/images/user/maksache/6Icp59d6GXzYtSkLeurz0WqQgWy8u4.jpg)

Жалған түсінік көп жағдайда білімсіздіктен жаман. Бақшалардың арасында жасырынуы мүмкін нәрселер маглдардың сиқырдан қорқуын өршіте түскені анық. Ол кездері сиқыршыларды қудалау шарықтау шегіне жеткен, ал айдаһар мен гиппогриф сияқты хайуандардың суреті магглдардың кәдімгідей зәресін алатын.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ta-azhayyp-hayuanattar-zh-ne-olardy-mekendeu-zherleri-magldardy-si-yrly-hayuanattardan-habardar-bolu-720469](https://yvision.kz/kk/post/ta-azhayyp-hayuanattar-zh-ne-olardy-mekendeu-zherleri-magldardy-si-yrly-hayuanattardan-habardar-bolu-720469)