---
title: "Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы"
description: "\"Әләуләйім бітсе егер, хәләуләйім тағы бар\" дегендей әйтеуір Тәжікстан сапарына да бүгін нүкте қоямы..."
author: "Fvfylsr"
published: "2019-05-03T18:11:16+00:00"
modified: "2019-05-03T18:11:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-zhikstanny-ltty-muzeyi-turaly-831750"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-zhikstanny-ltty-muzeyi-turaly-831750/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы

> "Әләуләйім бітсе егер, хәләуләйім тағы бар" дегендей әйтеуір Тәжікстан сапарына да бүгін нүкте қоямы...

"Әләуләйім бітсе егер, хәләуләйім тағы бар" дегендей әйтеуір Тәжікстан сапарына да бүгін нүкте қоямын. Сапар бойынша Ювижн блогыма 11 материал салған екенмін. Өткен жолы жазғанымдай Тәжікстанның Ұлттық музейі өте ұнады, бір емес, екі күн қатарынан барып, асықпай араладым. Шын мәнінде өзге елді білгің келсе, оның музейін қарау керек екен. Оған нақты көз жеткіздім. Енді, қысқаша музей туралы дерек бере кетейін. Музей 22 үлкен және шағын көрме залдарынан тұрады, жалпы музей 4 бөлімге бөлінген: табиғат, ерте заман және орта ғасыр, жаңа және қазіргі заман тарихы, бейнелеу және қолданбалы өнер бөлімдері. Сондай-ақ, музейде ғылыми-зерттеу бөлімі құрылған. Маған әсіресе, нумизматика мен елдің геологиясы ұнады. Экспонаттарының өзі 50000 асады. Енді, суреттер сөйлесін.

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/f82dd9a9feb0a654703544bbb16783.png)

Тәжікстанның Ұлттық музейіндегі Будданың 12 метр кескіні

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/3a95662dac70f2c8f1f077e3371105.png)

Чилдухтарон, қазақша айтқанда "Қырық қыз" тауы, айтқандай бізде де осыған ұқсас аңыз бар еді ғой?!

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/c704985dd25aab5294c7b2f3d701fa.png)

Музейдегі гүл бейнесіндегі жазу, кісі бейітінде болса керек

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/53a6496a8aec1018adce719ab7ec9d.png)

Бұл не зат екенін білесіз бе? Кәдімгі қақырғыш екен! Иә, баяғыда ауылда қақыратындар үшін арнайы банкі дайындалып, жан жағын газетпен қоршап қоятын. Ал, мына қақырғыш гигениалық жағынан дұрыс шығар, бірақ насыбай ататындарды түсінбеймін. Басқан кезде үстіндегі гүл сияқтысы ашылып, қақырынатын адам соған қақырады екен

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/56b3e0d016587586b8c45dff7445e7.png)

Рим әлде грек-бактрия заманының тиыны

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/1bc39b1b5a742d0f1f6bf62600754e.png)

Бағзы заман адамдарының құмырасы

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/7fb261856650449e7e795112b983a4.png)

Найзаның ұштары (қола)

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/fb5aadea52deca51e3ea70102ed696.png)

Жаңылмасам бұл да ұсақ тиын

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/745c27fa397870825e7e11bbb6b381.png)

Су сақтауға арналған ыдыс

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/38ba86e8aefff0461e8a1c92d73690.png)

Зоорастризм дініндегі адамдардың сүйектерін сақтауға арналған зат

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/4dcbcaa8c27ca38cf246b0030b2114.png)

Ағаш қасық, түріктердің "Великолепный век" атты фильмінде осындай қасықтармен тамақ ішетін еді, мәдениет Шығыстан шығып тұр ғой!

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/61e0d21f3eddaa2a4cf5a0e0095e63.png)

Тәжік жерінде асыл тастар көп екен, соның бірі

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/f2934403a5c7983b2470220e389c18.png)

Тағы бір тас, фотода көрінбей тұр, негізі жалтырап көрінеді екен

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/6b3b9097ad5565c702161cdc5bf882.png)

Тәжік тілінде арыстанды шер дейді екен, ал суреттегі қар барысы, қазақшасы басқаша ма еді өзі?

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/c807a70acb80dcb2cf1328d06c7104.png)

Табақ тәжік тілінде де табақ

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/cdbf81dd14656775c808f00d659de6.png)

Дауылпаз тәріздес ұлттық аспап

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/bc5d3d6c90ccaa2b42cdb8f0413dd4.png)

Парсы патшаларының бірі, кім еді, қапелімде есіме түсірсемші?!

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/d3b71bd7fd564a1ba39917b001c471.png)

Тағы да бақыр ақша, яғни ұсақ тиын. қаншама ғасыр өтсе де сақылып қалған, керемет емес пе?!

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/b978ae180286ddffbc0fb2e7e6c78f.png)

Тәжік жері Ұлы жібек жолының бір тармағы болған ғой, қанша ғасыр өтті, бірақ әлі сол қалпы!

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/31a434d27923d5415aa7fe99bc7898.png)

Мұсылман дәуірінің ақшасы

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/858086ddbed2ab8585199b87d4447c.png)

Кез келген шара осы музыкалық аспаптарсыз өтпейді

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/72486210be84c358418715430988fa.png)

Тағы да тәжік ұлттық аспаптары

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/4e8f65bb28a75f3b9f789872284046.png)

Бұл ыдыстардың жүздеген жыл бұрын жасалды дегеніне сену қиын, кеше ғана жасалған сияқты

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/4f4569f0f8877adda9fb6aaf526b6e.png)

Ескендір Зұлқарнайынның Орта Азияны жаулап алуынан кейін грек-парсы синетезі болғаны шын, тіпті ол ақшада да көрініс тапқан

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/60f51c11dff9c73138602220bf285d.png)

Мына тиында тесік жоқ, кейінгі ақшаларды (тиындарды) тесетін болған, сол арқылы оны айырбастау да жеңілдеген және валюта ретінде Қытайға дейін, тіпті Скандинавияға дейін жеткен

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/63a0227b78b2d9519e25108d79babd.png)

Бұл белгі, кісі бейітінен табылған, бірақ мағынасы жоқ деседі

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/f24605384fe68638c0d89b80b17fa5.png)

Айбалта, Құран сөздері жазылған

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/117ca5b13f72b7dbc2710ff8a9655f.png)

Жалпы, Орта Азияда, оның ішінде Тәжікстанда да әуелден қала мәдениеті болған

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/f3c43fa892c991e30b57c740e61721.png)

Мыстан жасалған ыдыс

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/8523b28a13d5d7dcd12bb8dbda5a96.png)

Бұл заттар Тәжікстанның солтүстігіндегі Истарафшаннан, яғни Ұра-Төбеден әкелінген

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/35a623fe0d90e14872e0f50f786fe0.png)

Қалқан

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/79f98f0c439f8ab78623ceb2aa54a1.png)

Айбалтадағы бейнелер

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/5cd9c3eed5160803038ccd9108a7b9.png)

Жауынгер киімі (сауыты)

![Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/2896344d1ac49c38a504f7fea59649.png)

Мұнда да бір бейнелер бар екен!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-zhikstanny-ltty-muzeyi-turaly-831750](https://yvision.kz/kk/post/t-zhikstanny-ltty-muzeyi-turaly-831750)