---
title: "ТҰҚЖБ бес мың салымшысы мемлекет сыйақысын алмаған"
description: "5 000 салымшыға мемлекеттік сыйақы қосылмаған, себебі депозит иелерінің екінші деңгейлі банктер алды..."
author: "Zhanalyktar"
published: "2018-02-06T07:29:39+00:00"
modified: "2018-02-06T07:29:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-zhb-bes-my-salymshysy-memleket-syya-ysyn-alma-an-795499"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-zhb-bes-my-salymshysy-memleket-syya-ysyn-alma-an-795499/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ТҰҚЖБ бес мың салымшысы мемлекет сыйақысын алмаған

> 5 000 салымшыға мемлекеттік сыйақы қосылмаған, себебі депозит иелерінің екінші деңгейлі банктер алды...

5 000 салымшыға мемлекеттік сыйақы қосылмаған, себебі депозит иелерінің екінші деңгейлі банктер алдында түрлі қарыздары болған.

Қазір Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі осы бағытта үлкен жұмыс атқарып жатыр. Атап айтқанда, ТҰҚЖБ салымшылары болып табылатын, сонымен қатар, екінші деңгейлі банктерден тұтынушылық несие алған азаматтардың қаржыларына ЕДБ-термен бұғау салуға тыйым салу ұсынылуда.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 895 360 салымшысы жалпы сомасы 23 млрд теңге көлемінде мемлекеттік сыйақы алған.

Банктің 160,780 клиенті 90 760 теңгені құрайтын ең жоғары мемлекеттік сыйақыға ие болды. Бұл дегеніміз, 2017 жылы олардың шоттарында кемінде 453 800 немесе 200 АЕК жинақтаған. Өз салымдарында көп мөлшерін жинақтаған клиенттер 2018 жылдың қорытындысы бойынша есептегенде, есептелмеген соманың теңгерімінде сыйақы ала алады.

Сонымен қатар, инвесторлар үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тағы бір жаңалықты дайындауда. Осы жылдың қорытындысы бойынша 2019 жылдың алғашқы күндерінде мемлекеттік сыйақы төлеу жоспарланып отыр. Осы мақсатта бизнес-процестер жетілдірілуде және нормативтік құжаттар жасалуда.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-zhb-bes-my-salymshysy-memleket-syya-ysyn-alma-an-795499](https://yvision.kz/kk/post/t-zhb-bes-my-salymshysy-memleket-syya-ysyn-alma-an-795499)