---
title: "Тұғыры биік Қазағым!"
description: "Әрбір елдің дастанында оның жаңа тарихының бастауы болған маңызды сәттер болады. Біз үшін жаңа дәуір..."
author: "mudin"
published: "2016-04-21T11:25:02+00:00"
modified: "2016-04-21T11:25:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-yry-biik-aza-ym-689967"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-yry-biik-aza-ym-689967/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тұғыры биік Қазағым!

> Әрбір елдің дастанында оның жаңа тарихының бастауы болған маңызды сәттер болады. Біз үшін жаңа дәуір...

Әрбір елдің дастанында оның жаңа тарихының бастауы болған маңызды сәттер болады. Біз үшін жаңа дәуірдің таңы 1991 жылдың 16 желтоқсанында атты. Сол күні көк аспанға «Қазақстан Республикасы» деген жаңа жұлдыз жарқырай шықты. Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіз елдердің қатарына қосылғанына 25 жыл толып отыр. Азаттық елдің атқан әр таңында жеткен жетістіктері Республиканың қадамдап алға жылжуына үлкен септігін тигізді. Еліміздің өткен әр қаржылай дағдарысы, Елбасы орнатқан әр стратегиялық бағдарламалар, бағындырған белестері мен жеткен жетістіктері бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосылуына жол ашты.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mudin/w3nw4WJclpVzbk1LvdHNksD5935YO8.jpg)

2016 жыл-25 жылдық азаттықтың қорытындысын шығаратын, өткенге есеп беретін уақыт. Әр жылдың бізге әсерін тигізбей кеткені болмады. Мысалға, еліміздің БҰҰ-ның толық құқылы белсенді мүшесі болғаны, Еуроодақ, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық валюта қоры, Дүнежүзілік Сауда Ұйымы, ЮНИСЕФ пен ЮНЕСКО сынды белді ұйымдармен ынтымақтастығы нығаюда. Сонымен қатар Қазақстан 400-ден астам көпжақты және 700 екіжақты келісімге қол қойды.

25 жыл ішінде бағындырған белестің бәрін жеткізуге бір кітаптің өзі аздық етеді. Біздің үшінші қазақстандық ғарышкеріміз Айдын Аймыбетов ғарыш маңы орбитасына ұшып қайтқанын атап өтпеуге болмайды. Бұл бір тарихымызда ерекше орын алған сәттердің бірі. Үлкен жеңіс десек те болады.

Көп ұлтты мемлекет үшін елде орнайтын ынтымақтан асқан бағалы ешнәрсе жоқ секілді. Сол ынтымақтың елімізде сақталуының, бір-бірімізге деген сыйластығымыздың дәлелі ретінде тұғыры биік елдің бірге жеткен жеңістерінен көре аламыз.

Н. Назарбаев өз жолдауында: «1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан мүлде жаңа тарихын бастады. Біздер, қазақстандықтар, ұлт өрлеуінің қазақстандық дәуірінің негізін қалаушыға әрі тұңғыш ізашарына айналдық. Бұл – біздің ізгі уақытымыздың және барлық ұлы жетістіктеріміздің сипатын дәл беретін атау. Біз Тәуелсіз Қазақстанмен бірге өсіп келеміз».

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-yry-biik-aza-ym-689967](https://yvision.kz/kk/post/t-yry-biik-aza-ym-689967)