---
title: "Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 игі іс"
description: "Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Шымкенттің жастары болып 25 игі іс істеуді қолға алдық. Алғашқы шар..."
author: "BerikSultan"
published: "2016-02-14T04:43:41+00:00"
modified: "2016-02-14T04:43:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-uelsizdikti-25-zhyldy-yna-25-igi-is-678371"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-uelsizdikti-25-zhyldy-yna-25-igi-is-678371/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 игі іс

> Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Шымкенттің жастары болып 25 игі іс істеуді қолға алдық. Алғашқы шар...

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Шымкенттің жастары болып 25 игі іс істеуді қолға алдық. Алғашқы шараны Арыс қаласындағы балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің көңілін көтеруден бастадық. Достарыммен жиналып, ақылдасып балалар үйіне баруды жөн санадық. Ол жаққа құр қол бармай, базардан сыйлықтар сатып алып, дастархан жаюды жоспарладық. Жоспар бойынша 1 қойды сойдық. 16 жыл Өзбекстанда палау басқан белгілі аспаз Нұриддин Сабировты арнайы шақыртып, дәмі тіл үйіртетін палауын дайындаттық. Бұл кісінің палауын жеген де жемеген арманда. Ешқайсымыз қарап тұрған жоқпыз. Біріміз отын жарып, енді бірімыз аспазға ет турасып, тамақтың түске дайын болуына атсалыстық. Ал, қалған жігіттер АКТ залына барып, тамақ піскенше концерттік бағдарлама қойды. Ән айтылды, би биледік. Қуыршақ театрының өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, балаларға керемет көңіл күй сыйлады. Өзімізбен бірга ала барған сыйлықтарды да сол жерде табыстадық. Әрқайсысына сүртінетін сүлгі, сосын дігіттерге киетін жылы аяқ-киім алып барып балаларды қуанттық. Біреуді қуанты арқылы қуанудан асқан бақыт жоқ екенін сезініп қайттық. Алдағы уақытта мұндай шаралар өз жалғасын табады. Айтпақшы, мұндай іс-шараны ұйымдастыру түк қиын емес. Біз сияқты сіздер де достарыңызға айтып, 4-5 мыңнан жинасаңыздар, балалардың көңілін көтеріп қайтуға болады. Тек ниет керек. Сөзден іске көшу керек! Ары қарай суреттер сөйлесінші :)

![Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 игі іс](https://storage.yvision.kz/images/user/beriksultan/NNJgqG9c3dpRTGn4rJngE4pamnA92F.jpg)

1 қойдың еті

![Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 игі іс](https://storage.yvision.kz/images/user/beriksultan/ytCZdv7xjKw209LsiwUiukFA3iT805.jpg)

Отын жарушылар)

![Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 игі іс](https://storage.yvision.kz/images/user/beriksultan/6bTl14YX1RbS6VM41jCl4kangrt22E.jpg)

Супер аспаз

![Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 игі іс](https://storage.yvision.kz/images/user/beriksultan/D3VNCkoK5Y7awvhvz9C1hSew92EHab.jpg)

Қойдың еті қазанда қайнап жатыр

![Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 игі іс](https://storage.yvision.kz/images/user/beriksultan/IiV4uoB1tw1bYghkBOWx8FQ7790Mq4.jpg)

Құйрық май

![Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 игі іс](https://storage.yvision.kz/images/user/beriksultan/s0ISzU9sYUU2WmlF0izUx982U1Ipbd.jpg)

Концерттік бағдарлама

![Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 игі іс](https://storage.yvision.kz/images/user/beriksultan/ZY9yR30CS057NNsV5IpCZa6jS3sS7a.jpg)

![Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 игі іс](https://storage.yvision.kz/images/user/beriksultan/KUm7n0Nv3c9gL0k5rk90aDmw6602F8.jpg)

Логикалық сұрақтар ойыны

![Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 игі іс](https://storage.yvision.kz/images/user/beriksultan/UJCT84qSt06uztU4MQV8NPT2z52nEw.jpg)

![Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 игі іс](https://storage.yvision.kz/images/user/beriksultan/AsXQyW465I88SixbkqRRyat7Xn72Fw.jpg)

Қуаршақ театрының Шрегі :)

![Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 игі іс](https://storage.yvision.kz/images/user/beriksultan/83biTyEMKY2Z45lhVz4qO7filgRavt.jpg)

Сұраққа жауап беріп сыйлық алған батыр

![Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 игі іс](https://storage.yvision.kz/images/user/beriksultan/xeiSx5ptEPMHSBIV0JZz2dY3B2Glqw.jpg)

Аяқтары жаурамас үшін...

![Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 игі іс](https://storage.yvision.kz/images/user/beriksultan/Ax26AS63N21ZTS7Y8b12I40IjZ4OBx.jpg)

![Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 игі іс](https://storage.yvision.kz/images/user/beriksultan/3FP3AgHWU9W8hSyTNj3Tc9h4mbdzbN.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-uelsizdikti-25-zhyldy-yna-25-igi-is-678371](https://yvision.kz/kk/post/t-uelsizdikti-25-zhyldy-yna-25-igi-is-678371)