---
title: "Тәуелсіздік тірегі – айбынды қазақ әскері"
description: "8 мамыр күні «Батырға оқ дарымайды, батылға жау жоламайды» ұранымен Қазақстан Республикасы Қарулы кү..."
author: "KNPK_Almaty"
published: "2012-05-10T09:21:33+00:00"
modified: "2012-05-10T09:21:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-uelsizdik-tiregi-aybyndy-aza-skeri-261408"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-uelsizdik-tiregi-aybyndy-aza-skeri-261408/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тәуелсіздік тірегі – айбынды қазақ әскері

> 8 мамыр күні «Батырға оқ дарымайды, батылға жау жоламайды» ұранымен Қазақстан Республикасы Қарулы кү...

8 мамыр күні «Батырға оқ дарымайды, батылға жау жоламайды» ұранымен Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 20 жылдығы мен Ұлы Жеңіс күнінің 67 жылдығына арналған нысана атудан жасөспірімдер мен ересектер арасында жекелей және командалық облыстық колледждердің оқытушылары мен струденттері қатысқан жарыс ұйымдастырылды.

Жарыстың басты мақсаты жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу. Отан сүйгіштік қасиеттерін арттыру. Егеменді елдің айбынды мерекесіне орай бұл жарыста да колледж оқытушылары мен студенттері жеңіске жетіп, жоғары белестерге шықты.

Жоғарыда аталған мерекелерге арналған «Тәуелсіздік тірегі – айбынды қазақ әскері» атты жарыста жеңіске жеткен сайыскерлерді құттықтап және марапаттап Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Жәукен Хайырлыұлы Көшенов дипломдарды табыс етті. Бұл жарысқа қатынасқан М.Боранкулов және Е.Хамзин I-орындарды иеленсе, II-орынды А.Аманшиева, Е.Мохначев, III-орынды И.Шаяхметов алды. Жарыс барысында осы мереке қонақтары, соғыс және тыл ардагерлері Кулагин Константин Яковлевич, Дәулет Кенжеғалиев, Манап Әбдрахимов, Мамай Төлеу жылы лебіздерін білдіріп, одан әрі үлкен табыстарға жетулеріне тілектестік білдірді. Кеш соңы колледж оқушыларының осы мерекеге орай ұйымдастырылған концерттік бағдарламасына жалғасты.

Гүлжан Инжелова

Атырау қаласы

http://knpk.kz/wp/?p=24036

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-uelsizdik-tiregi-aybyndy-aza-skeri-261408](https://yvision.kz/kk/post/t-uelsizdik-tiregi-aybyndy-aza-skeri-261408)