---
title: "«Тәуелсіздік бабалардың арманы»"
description: "Павлодар облысы әкімінің қолдауымен, облыстық мәдениет, мұрағаттар, құжаттама басқармасы мен облысты..."
author: "CRMI"
published: "2016-03-13T23:55:28+00:00"
modified: "2016-03-13T23:55:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-uelsizdik-babalardy-armany-683368"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-uelsizdik-babalardy-armany-683368/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Тәуелсіздік бабалардың арманы»

> Павлодар облысы әкімінің қолдауымен, облыстық мәдениет, мұрағаттар, құжаттама басқармасы мен облысты...

Павлодар облысы әкімінің қолдауымен, облыстық мәдениет, мұрағаттар, құжаттама басқармасы мен облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – бабалардың арманы» атты ақындар айтысы өтті.

![«Тәуелсіздік бабалардың арманы»](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/3B585C8uz6NQ72XH5pVwuxTUapbDRA.jpg)

Бұл айтысқа **Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығынан» ашылған «Алдаспан» ақындар клубынан суырылып шыққан: Алтынбек Мақсатхан, Мақсат Ғылымнұр, Мизан Жұмаәлі, Қуандық Башой және Абзал Қабдраш суырып салма өнерлерін көрсетті.**

**

![«Тәуелсіздік бабалардың арманы»](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/KVg13bw3329rKBq6jclR3b1NIS4I56.jpg)

**

Айтыс өнері еліміздің әдебиеті мен тарихында ерекше орын алады. Тәуелсіздік алғанға дейін де бұл өнер бабаларымызбен ғасырлар бойы біте қайнасып,бірге жасап келе жатқан баға жетпес мұра! Тәуелсіздік – еліміздің ең басты құндылығы, халқымыздың үлкен ерекше мерекесі осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап кетті.

![«Тәуелсіздік бабалардың арманы»](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/luckKPavaIu6wNHi6tgl1MOXQ7mC4T.jpg)

Бүгінгі айтыстың мақсаты: Тәуелсіз елдігіміздің, жиырма бес жылдағы жетістіктерін, халқымыздың мәдени мұрасын арқау етіп, ұлттық мүддесін, мақсат-мұратын, тіліміз бен дінімізді, халықтар достығын, береке-бірлікті жырға қосу. Орақ тілді, от ауызды, білімді, көңілі ашық, көзі ояу талантты да талапты ақындарды халыққа таныту.

![«Тәуелсіздік бабалардың арманы»](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/vg7ZnLEDNb08On82Pbih1h1OJDF7NF.jpg)

Қазылар алқасының шешімі: Қос бас жүлде Аспанбек Шұғатаев пен Қуаныш Шарманов (Павлодар) ІІ – орын Қайрат Нұрғанат (Баянауыл) ІІІ – орын «Алдаспан» ақындар клубының мүшесі Абзал Қабдрашқа бұйырды. «Арқалы ақын» номинациясы бойыншы—Рауан Қайдаров (Екібастұз) «Егемен ел – Еркін ел» номинациясына-----Тілек Сейітов (Баянауыл) «Тарих - тағылым» номинациясына -- Бейбіт Бөжен (Павлодар) осы ақындарды лайықты деп тағайындады.

Ақпартты ұсынған: «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығының баспасөз сайты.

![«Тәуелсіздік бабалардың арманы»](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/9o9KE4aR49R69aqE1JLAtl2UKw3w42.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-uelsizdik-babalardy-armany-683368](https://yvision.kz/kk/post/t-uelsizdik-babalardy-armany-683368)