---
title: "Тәуелсіз өмір сүруден артық бақыт жоқ!"
description: "Адамның ең басты арманы-Тәуелсіз болу! Ортадан, біреуден. Тәуелсіз болғанда ғана, белгілі бір жетіст..."
author: "zannawliza"
published: "2017-06-30T01:04:48+00:00"
modified: "2017-06-30T01:04:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-uelsiz-mir-s-ruden-arty-ba-yt-zho-771824"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-uelsiz-mir-s-ruden-arty-ba-yt-zho-771824/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тәуелсіз өмір сүруден артық бақыт жоқ!

> Адамның ең басты арманы-Тәуелсіз болу! Ортадан, біреуден. Тәуелсіз болғанда ғана, белгілі бір жетіст...

Адамның ең басты арманы-Тәуелсіз болу! Ортадан, біреуден. Тәуелсіз болғанда ғана, белгілі бір жетістікке жетуге болады. Бірақ, Тәуелсіздік, демократия деген, бұл- шектен шығушылық, тәртіп бұзушылық емес. Бұл, бір мақсат, бір міндет жолындағы күрес. Адами күрес. Қысқасы...

Бізге өз Тәуелсіздігіміз қымбат. Неге дейсіз ғой? Ол бізге қымбат- ата- бабаның рухын көтергені үшін! Ол бізге қымбат- сөнген мемлекетіміздің отын маздатып жандырғаны үшін! Ол бізге қымбат- елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға ендіргені үшін! Ол бізге қымбат- ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, ділімізді қаз- қаз тұрғызып «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін! Ол бізге қымбат- «Отан» деп жүрегімізді қақтырғаны үшін! «Елім» деп елеңдетіп, «жерім» деп желпінтіп, барша алпыс екі тамырымызды игізіп, ата жұртын сүйдіргені үшін! Мен елімді сүйемін!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-uelsiz-mir-s-ruden-arty-ba-yt-zho-771824](https://yvision.kz/kk/post/t-uelsiz-mir-s-ruden-arty-ba-yt-zho-771824)