---
title: "«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электр қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру»"
description: "«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электр қондырғыларын электр желілеріне қосуға р..."
author: "ceka"
published: "2015-01-27T01:39:24+00:00"
modified: "2015-01-27T01:39:24+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-tynushylardy-belgilengen-uaty-100-kvt-tan-zho-ary-elektr-ondyr-ylaryn-elektr-zhelilerine-osu-a-r-s-464336"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-tynushylardy-belgilengen-uaty-100-kvt-tan-zho-ary-elektr-ondyr-ylaryn-elektr-zhelilerine-osu-a-r-s-464336/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электр қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру»

> «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электр қондырғыларын электр желілеріне қосуға р...

«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электр қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін алды. Ал, сіз бұл қызметті білесіз бе?Мемлекетік қызметті Халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға немесе Электрондық үкіметтің [www.egov.kz](http://www.egov.kz/) веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.Мемлекеттік қызмет құжаттар топтамасы ХҚКО-ға тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап – күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей ұсынылады. Халыққа қызмет көрсету орталығынан қызметті алу үшін қажетті құжаттар: белгіленген нысан бойынша өтініш; салыстырып тексеру үшін тұпнұсқаларын ұсына отырып, тұтынушылардың электр қондырғыларын энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның желілеріне қосудың техникалық шарттарының көшірмелері; салыстырып тексеру үшін тұпнұсқаларын ұсына отырып, техникалық шарттар талаптарының орындалуы туралы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым қорытындысының көшірмесі; салыстырып тексеру үшін тұпнұсқасын ұсына отырып, коммерциялық есепке алу, баланстық тиесілікті шектеу және тараптардың пайдалану жауапкершілігі схемасын қабылдау актілерінің көшірмелері; салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, энергетикалық сараптама қорытындысының көшірмесі ұсынылады. Электрондық үкімет порталы арқылы онлайн тапсырыс берген жағдайда: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау; тұтынушылардың электр қондырғыларын энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның желілеріне қосудың техникалық шарттарының көшірмелері; техникалық шарттар талаптарының орындалуы туралы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым қорытындысының көшірмесі; коммерциялық есепке алу, баланстық тиесілікті шектеу және тараптардың пайдалану жауапкершілігі схемасын қабылдау актілерінің көшірмелері; энергетикалық сараптама қорытындысының көшірмесі. Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызмет алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөнінде кеңес қажет болса бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалуға болады. Байланыс республика аумағында тегін (1414).

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-tynushylardy-belgilengen-uaty-100-kvt-tan-zho-ary-elektr-ondyr-ylaryn-elektr-zhelilerine-osu-a-r-s-464336](https://yvision.kz/kk/post/t-tynushylardy-belgilengen-uaty-100-kvt-tan-zho-ary-elektr-ondyr-ylaryn-elektr-zhelilerine-osu-a-r-s-464336)