---
title: "Тәттімбет Жұмағұлов — Университет пен бизнес арасындағы көпір"
description: "Тәттімбет Жұмағұлов – Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының сарапшысы Иннова..."
author: "kzppp"
published: "2016-11-13T23:09:40+00:00"
modified: "2016-11-14T21:10:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-ttimbet-zh-ma-lov-universitet-pen-biznes-arasynda-y-k-pir-726227"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-ttimbet-zh-ma-lov-universitet-pen-biznes-arasynda-y-k-pir-726227/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тәттімбет Жұмағұлов — Университет пен бизнес арасындағы көпір

> Тәттімбет Жұмағұлов – Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының сарапшысы Иннова...

![Тәттімбет Жұмағұлов — Университет пен бизнес арасындағы көпір](https://storage.yvision.kz/images/user/kzppp/k94eoEI7AaY9iu5HafDnav8R0tyb4U.jpg)

**Тәттімбет Жұмағұлов – Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының сарапшысы**

Инновацияның дамуы – мемлекеттің дамуы. Бұл ретте ғылым мен кәсіпкерлік қабілеттіліктердің өзара ұштасу керектігін ұмытпағанымыз жөн. Соңғы жылдары әлемдегі инновациялық даму мен мықты идеялар айтулы университеттерден бастау алуда. Демек, олардың мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесі зор әрі соны қарқын алу үстінде екенін айқын аңғарамыз.

![Картинки по запросу инновация](http://www.business.ua/upload/iblock/3f3/3f3b94c195ed4ad713f0a7174fb8e414.jpg?1279441445173697)

Әлемдік тәжірибеде жоғарғы білім орындары мен экономикалық дамуды байланыстыратын көптеген факторлар бар. Атап өтетін болсақ:
- көптеген мемлекеттерде жоғарғы білім орындары арқылы технологиялық, әлеуметтік-экономикалық жағдайды дамытатын идеялар туындайды;
- жоғарғы білім орындары қолданбалы бағыттағы (прикладная) зерттеулер жүргізіп, олар кәсіпорындарда кеңінен қолданыс табады;
- жоғарғы білім орындарында жасалатын зерттеулер білікті мамандардың дайындалуына үлесін қосады;
- заманауи талаптағы сапалы жоғарғы білім орындарының көп болуы сол мемлекетке деген қызығушылықты арттырып, өзге ел өкілдерінің келуіне ықпалы зор болмақ (Кембридж – Ұлыбритания, Стэнфорд – АҚШ, Левен – Бельгия т.б.).

Қазіргі кезеңде бұл шешім зерттеу университеттері көрінісінде шешім тапқан. Өйткені университет пен кәсіпкерлер арасындағы қарым қатынас жақсы дамыған. Мәселен, Германия, АҚШ және Жапония мемлекеттерінің қарқынды дамуы осының бірден бір дәлелі. Қазіргі таңда АҚШ-та 260, Германияда 56, Ұлыбританияда 73, Испанияда 41-ге жуық зерттеу университеттері бар. Әлемнің алдыңғы қатарлы 10 инновациялық университетінің көрсеткішіне назар аударалық.

![Картинки по запросу вуз](http://uralcons.org/wp-content/uploads/2013/05/1page_img4.jpg)

№

Университет атауы

Орналасқан жері

Ұсынылған патенттер саны (2009-2014 жж.)

Берілген патенттер саны (2009-2014 жж.)

Атақты түлектері

1

Стэнфорд университеті

АҚШ

612

38,6%

Google негізін құраушылардың бірі – Ларри Пейдж

2

Массачусетс технология институты

АҚШ

1 289

43,8%

CIT Group алдыңғы басшысы – Джон Тейн

3

Гарвард университеті

АҚШ

824

24%

Microsoft алдыңғы басшысы – Стив Балмер

4

Техас университеті

АҚШ

941

36,3%

Dell бастығы – Майкл Дэлл

5

Вашингтон университеті

АҚШ

457

37,2%

NASA астронавты – Бонни Данбар

6

Корей перспективалық ғылыми зерттеу және технология университеті (KAIST)

Корея

911

83,5%

Оңтүстік Кореяның тұңғыш астронавті – Ли Со Ен

7

Мичиган университеті

АҚШ

528

46,4%

Berkshire Hathaway вице-төрағасы Чарли Мангер

8

Пенсильван университеті

АҚШ

517

33,5%

саясаткер – Дональд Трамп

9

Левен университеті

Бельгия

301

37,2%

Nestle басшысы – Пол Бюльке

10

Солтүстік-батыс университеті

АҚШ

295

45,45%

Чикаго мэрі – Рэм Эмануель

АҚШ тәжірибесі көрсеткендей, атақты Гугл, Майкрасофт, Дэлл, Нестле, Хьюлетт-Паккард, Поляроид сынды инновациялық компаниялардың пайда болуы, олардың негізін қалаушыларының студент кезінен ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, өзінің ойлау қабілеттілігін арттыруынан туындаған. Осындай білікті адамдардың зерттеумен, ізденумен айналыспағанда атақты кәсіпорындардың пайда болуы екіталай еді.

Инновациялық даму кезеңінде мемлекеттік маңызы бар тапсырмадағы әлеуметтік басқарудың тағы шешімі – жобалық басқару екендігін ескергеніміз жөн. Себебі жобалық басқару мамандар әлеуеті және қаржылық басқаруды тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Әлемдік тәжірибеден байқағанымыздай, ХХІ ғасырдағы «білім – ғылыми-зерттеу – бизнес» түріндегі триада (үштаған) сипатындағы жаңа университет моделін жүзеге асыру Қазақстан жоғары оқу орындарында да барынша кең өріс алуда. Отандық университеттердің ғылыми әлеуетін арттыруда материалдық-техникалық базасын заманауи технологиялармен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде мемлекеттік қолдау көрсетілуде. Азат елдің еркін ойлы білікті жастарына жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсетсек әрі технократтық элита қалыптастыруға бастайтын тың идеяларын практика жүзінде жүзеге асыруына жағдай жасасақ жоғарыда аталған әлемнің мықты университеттерінің қатарынан табыларымыз хақ. Қазақстандық брэнд қалыптастыруда отандық жоғары оқу орындарына мол жауапкершілік жүктелген. Сондықтан да озық елдердің технологиялық дамуды іскерлік пен кіріс көзіне айналдырудағы тәжірбиелерін елімізде нақты жүзеге асыру қазіргі жастардың басты міндеті болмақ.

***http://jasqazaq.kz/wp-content/uploads/2016/11/46-pdf.pdf***

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-ttimbet-zh-ma-lov-universitet-pen-biznes-arasynda-y-k-pir-726227](https://yvision.kz/kk/post/t-ttimbet-zh-ma-lov-universitet-pen-biznes-arasynda-y-k-pir-726227)