---
title: "Төтеншеліктер өткен тәулікте 170-тен астам жедел шақыртуға барған"
description: "\"Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 174 жедел шығу жасады, оның 85-і өрттер мен жану оқиғаларына,..."
author: "orazali"
published: "2024-02-12T03:46:53+00:00"
modified: "2024-02-12T03:46:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-tenshelikter-tken-t-ulikte-170-ten-astam-zhedel-sha-yrtu-a-bar-an-1001036"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-tenshelikter-tken-t-ulikte-170-ten-astam-zhedel-sha-yrtu-a-bar-an-1001036/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Төтеншеліктер өткен тәулікте 170-тен астам жедел шақыртуға барған

> "Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 174 жедел шығу жасады, оның 85-і өрттер мен жану оқиғаларына,...

![Төтеншеліктер өткен тәулікте 170-тен астам жедел шақыртуға барған](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/a88a512dd076cb5e57e10fc3e6d080.jpg)

"Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 174 жедел шығу жасады, оның 85-і өрттер мен жану оқиғаларына, 89-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға. Бұл ретте 32 адам құтқарылып, эвакуацияланды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі шараларын сақтап, дауылды ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Абай болыңыз! Біз үшін әрбір өмір маңызды!", - деп жазады @press_TJM.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-tenshelikter-tken-t-ulikte-170-ten-astam-zhedel-sha-yrtu-a-bar-an-1001036](https://yvision.kz/kk/post/t-tenshelikter-tken-t-ulikte-170-ten-astam-zhedel-sha-yrtu-a-bar-an-1001036)