---
title: "Түсінетін шындықты, адам барма..."
description: "Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Сергей Чекалин «Береза»Бейнематериал авторы – Сергей Ч..."
author: "Aikosmuz"
published: "2018-02-08T08:00:40+00:00"
modified: "2018-02-08T08:00:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-sinetin-shyndy-ty-adam-barma-795812"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-sinetin-shyndy-ty-adam-barma-795812/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Түсінетін шындықты, адам барма...

> Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Сергей Чекалин «Береза»Бейнематериал авторы – Сергей Ч...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Сергей Чекалин «Береза»

Бейнематериал авторы – Сергей Чекалин

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Түсінетін шындықты, адам барма,

Қалқан қылып, сені алған, кейбіреулер.

Өз шындығын өзіне, жазып алып,

Сүріп жатыр өмірін, бос кеуделер.

Өтірікке айналдың, біреулерге,

Жеке заң болып, жазылып өміріне.

Арамзалар, көтеріліп биікке,

Ақиқаттан қорқады, келсе сөзге.

Сайқалға да керек болдың, сен шындық,

Күліп тұрып бетіңе, сатып кеткен.

Пайдасы үшін, туып тұрса, мүмкіндік,

Ордан жығар адамын, көмектескен.

Жұлып алсаң, шындықтың шымылдығын,

Шыбын жанын қоярға, жер таппайды.

Түсінсе де әсерін, бар сұмдығын,

Жеке басын, ақтап алып, жатады.

Ондай болса, бұл шындық, кімге керек,

Бар жемісін жинаған, кедейге ме?

Мүгедек пе, жетімге ме, жесірлерге,

О, Жаратқан осыларды, бар тілегім, кемітпе.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-sinetin-shyndy-ty-adam-barma-795812](https://yvision.kz/kk/post/t-sinetin-shyndy-ty-adam-barma-795812)