---
title: "Түсінбеушілік болғанын қаламаймын"
description: "Кейде өзімді тұншықтырып бара жатқан сезімге әлім келмейтіндей. Ондағы менің адамдарға қарап олардың..."
author: "keit"
published: "2017-02-13T23:16:14+00:00"
modified: "2017-02-13T23:16:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-sinbeushilik-bol-anyn-alamaymyn-755542"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-sinbeushilik-bol-anyn-alamaymyn-755542/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Түсінбеушілік болғанын қаламаймын

> Кейде өзімді тұншықтырып бара жатқан сезімге әлім келмейтіндей. Ондағы менің адамдарға қарап олардың...

Кейде өзімді тұншықтырып бара жатқан сезімге әлім келмейтіндей. Ондағы менің адамдарға қарап олардың қылықтарын бағалауымда. Ішкі жан дүнием оларға қарағанда жиіркендіріп, неге олай деген сұрақтың жетегінде кетеді. Кішкентайдан барлық адамды жақсы деп білетін мен, көзім енді ашылған күшіктей болып алғашқыда сезімдерден қорықтым. Келе келе жан жағыңның көз тастап мүлде бөлек өмірге қадам басқандаймын. Кемшілікті көп көретін болдым. Дегенмен жаным неге осыншама мұнайып, жабырқайды. Осы кезге дейін жақсы болғым келді, ал қазір бәріне бірдей адал болғым келеді. Тек жақсылықты ғана жасағым келді, бірақ жұрттың онда шаруасы жоқ қой. Өздеріне керегін алса, жетіп жатадының түсінігі қалыптасқан адамдар арамызда баршылық. Кейде мүмкін оларға зорлап кітап оқытсақ қайтеді деген ойлар туады басыма. Бірақ ол мүмкін емес дүние, басқа жолын іздеп, қарастырмаса болмас. Мен мұнда барша адамзаттың кемшілігі болғанмен оны өзі түзеуге тырысса деген ниетпен жазып отырмын, шамалы болсада бір - біріне түсінушілікпен қарап, білмегеніне қол ұшын берсе, ал соны түсініп жатып жанындағы талап пен ниет етсе жетіп жатыр. Сондада жақсымен жақсы болған қандай жақсы. Сондықтан қанша қиын болса да ақылға салып, жұртпен кеңескен жөн болар ма? Кішкентай нәрсенің өзі үлкен іске себепкер болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-sinbeushilik-bol-anyn-alamaymyn-755542](https://yvision.kz/kk/post/t-sinbeushilik-bol-anyn-alamaymyn-755542)