---
title: "Түсін, шеше!"
description: "Мен емес жаман бала, Ренжіме маған да, заман ға да! Қарызынан Отанның құтылайын, ...Отан деген – мағ..."
author: "dildibekoff"
published: "2011-05-08T04:42:15+00:00"
modified: "2011-05-08T04:42:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-sin-sheshe-153558"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-sin-sheshe-153558/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Түсін, шеше!

> Мен емес жаман бала, Ренжіме маған да, заман ға да! Қарызынан Отанның құтылайын, ...Отан деген – мағ...

![Түсін, шеше!](https://storage.yvision.kz/images/user/dildibekoff/lny3FUnxc3R5MroZNKt5wwn5zNoFkr.jpg)

Мен емес жаман бала,

Ренжіме маған да, заман ға да!

Қарызынан Отанның құтылайын,

...Отан деген – маған да, саған да Ана!

Қи мені Отаныма, алаңдама.

Сен – менің жаратушым құндақтаған.

Мен сенің ұлыңмын деп кіл мақтанам.

Кешір, Ана!

Бір сенің еркең болмай,

Отаныма ұл болу – қымбат маған.

Сеніменен Отаным егіз деймін,

Сеннен – Отан, ал Отаннан – сені іздеймін.

Отаныма бер мені басы бүтін,

Нашар әйел тапқан ұл дегізбеймін!..

 

*Мұқағали Мақатаев*

*(Мұқағали Мақатаев [Фэйсбукта](http://www.facebook.com/pages/%D0%9C%D2%B1%D2%9B%D0%B0%D2%93%D0%B0%D0%BB%D0%B8-%D0%9C%D0%B0%D2%9B%D0%B0%D1%82%D0%B0%D0%B5%D0%B2/295327786777))*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-sin-sheshe-153558](https://yvision.kz/kk/post/t-sin-sheshe-153558)