---
title: "Тәртіптік кеңес заң бұзушыларды қызметтерінен босатты"
description: "Ағымдағы жылғы 21 қыркүйекте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аген..."
author: "finpolsko"
published: "2015-09-22T05:31:47+00:00"
modified: "2015-09-22T05:31:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-rtiptik-ke-es-za-b-zushylardy-yzmetterinen-bosatty-545508"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-rtiptik-ke-es-za-b-zushylardy-yzmetterinen-bosatty-545508/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тәртіптік кеңес заң бұзушыларды қызметтерінен босатты

> Ағымдағы жылғы 21 қыркүйекте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аген...

Ағымдағы жылғы 21 қыркүйекте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңестің төрағасы Әділбек Қайырбекұлы Мұқашевтың төрағалығымен Тәртіптік кеңестің кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде 10 мәселе қаралды, ішіндегі 8 тәртіптік іс жемқорлық құқық бұзушылықтар және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің нормаларын сақтамауына қатысты болды.

Алдымен, Мағжан Жұмабаев ауданы Булаево қ. әкімінің орынбасары Юрий Портнягинге қатысты тәртіптік іс қаралды. Ашығын айтқанда, әкім орынбасары жобалық-сметалық құжаттамаға қайшы келетін, балалар алаңын жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қойған, автомобиль жолдарының ағымдағы жөндеуі бойынша қызметті ұсынушыны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз жабдықтаушысы тану туралы сотқа арыздану бойынша шара қабылдамаған.

Жемқорлық сипатына жағдай жасайтын, құқық бұзушылыққа жол берген, құзыретіне кіретін мәселелерді шешуде бірталай бұзушылықтар жасағаны үшін, Юрий Портнягинге өзі атқарып отырған қызметіне толық сай еместігі жайында ескерту жасалды.

Келесі қарастырылған мәселе – санитарлық нормаларға сай емес, үш бар мен жазғы сауықтыру лагеріне санитарлық-эпидемиологиялық оң тұжырымдама берген, Мағжан Жұмабаев ауданы Тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша басқармасының басшысы мен бас маманына қатысты тәртіптік істер.

![Тәртіптік кеңес заң бұзушыларды қызметтерінен босатты](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/5UEbfhxa7y1k4E4b5wRSpiLEI9eGzq.jpg)

Заңсыз шешім қабылдап, жемқорлық құқық бұзуды жөн көрген мемлекеттік қызметшілерді, Тәртіптік кеңес жұмыстарынан босатуды ұйғарды.

Ккөлік құралдарын жалға беру бойынша келісім шарт міндеттемелерін орындамайтын, жосықсыз жабдықтаушылардың пайдасына заңсыз таңдау жасап, мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманы бұзған СҚО ХҚКО филиалы директорына қатысты іс - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынымымен қаралды. Мәселенің мән-жайы: аталған тұлға келісім шарт міндеттемелерін уақытылы орындамауы фактісі бойынша жабдықтаушыларды жосықсыз деп тану туралы сотқа арызданбаған, бұған қоса, келісім шарт бойынша баға негіздемесі де ұсынылмаған және аталған ұйымның жүргізушілері ретінде ХҚКО жұмысшыларымен шарт жасасу бойынша тапсырма берген. Қарастыру нәтижесі бойынша, өрескел заң бұзушылыққа жол берген директорды атқаратын қызметінен босату шешімі қабылданды.

Кеңес барысында, қызметтік автомобилін жеке мақсаттарында бірнеше рет пайдаланғаны үшін, СҚО бойынша өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығына да қатысты тәртіптік іс қаралды.

Мемлекеттік мүлікті тиімсіз пайдаланған мемлекеттік қызметшінің бұл әрекеттерінен, Ар-намыс кодексінің бұзылғандығы анықталып, қызметіне толық сай еместігі жайында ескерту жасалды.

Экономикалық тергеу қызметінің, жұмыста болмаған қызметкерлерінің еңбек уақытын бұрмалап есепке алу фактісі бойынша, Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлеріне қатысты тәртіптік істер қарастырылды.

Аталған тұлғалардың әрекеттерінде жемқорлық бұзушылықтарды байқамаған Тәртіптік кеңес, тәртіптік өндірісті тоқтатуды жөн көрді.

Сондай-ақ, Қалалық балалар ауруханасының бас дәрігеріне қатысты тәртіптік іс, оның уақытша еңбекке қабылетсіздігіне байланысты кейінге шигерілді.

Отырыс соңында, мемлекеттік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және 2015 жылдың 8 айында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы Ақжар ауданы әкімі мен Ішкі саясат басқармасының ақпараты тыңдалды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-rtiptik-ke-es-za-b-zushylardy-yzmetterinen-bosatty-545508](https://yvision.kz/kk/post/t-rtiptik-ke-es-za-b-zushylardy-yzmetterinen-bosatty-545508)