---
title: "Төртінші билік өкілдеріне құрмет!"
description: "Ағымдағы жылғы 28 маусымда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент..."
author: "finpolsko"
published: "2017-06-28T07:59:34+00:00"
modified: "2017-06-28T07:59:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-rtinshi-bilik-kilderine-rmet-771642"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-rtinshi-bilik-kilderine-rmet-771642/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Төртінші билік өкілдеріне құрмет!

> Ағымдағы жылғы 28 маусымда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент...

![Төртінші билік өкілдеріне құрмет!](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/934JLZ3d9WV6Z7o8ju5265sz3E89xe.jpg)

Ағымдағы жылғы 28 маусымда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілдері байланыс және ақпарат саласының қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады.

Тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатып, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласының дамуына, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына елеулі үлес қосқандары үшін облыстық телеарналар және мерзімді басылымдарының редакцияларына Департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаевтың атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Департамент ұжымы байланыс және ақпарат саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-rtinshi-bilik-kilderine-rmet-771642](https://yvision.kz/kk/post/t-rtinshi-bilik-kilderine-rmet-771642)