---
title: "Төрт әлем чемпионы Қазақстандағы үздік боксшы атағына үміткер"
description: "Біржан Жақыпов, Мерей Ақшалов, Данияр Елеусінов және Жәнібек Әлімханұлы Қазақстандағы үздік боксшы ..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-11-14T23:48:40+00:00"
modified: "2013-11-14T23:48:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-rt-lem-chempiony-aza-standa-y-zdik-boksshy-ata-yna-mitker-384963"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-rt-lem-chempiony-aza-standa-y-zdik-boksshy-ata-yna-mitker-384963/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Төрт әлем чемпионы Қазақстандағы үздік боксшы атағына үміткер

> Біржан Жақыпов, Мерей Ақшалов, Данияр Елеусінов және Жәнібек Әлімханұлы Қазақстандағы үздік боксшы ...

[!\[Біржан Жақыпов\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/11/20131114181751-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/11/20131114181751.jpg)

Біржан Жақыпов, Мерей Ақшалов, Данияр Елеусінов және Жәнібек Әлімханұлы Қазақстандағы үздік боксшы атағына үміткер, деп хабарлайды Vesti.kz.

Үздік боксшыны анықтауға дауыс беруді Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы өткізуде. [Осы жерде](http://vk.com/confederationsport?w=wall-52891963_1548) үздік боксшыға дауыс беруге болады.

Айтып өтейік, төрт босшы да Алматыда өткен ӘЧ-да әлем чемпионы атанған болатын. Осы жеңістерінің арқасында бокс бойынша Қазақстан құрамасы 2013 жылғы әлем чемпионатында жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынды иеленді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-rt-lem-chempiony-aza-standa-y-zdik-boksshy-ata-yna-mitker-384963](https://yvision.kz/kk/post/t-rt-lem-chempiony-aza-standa-y-zdik-boksshy-ata-yna-mitker-384963)