---
title: "Түркістан түркі әлемінің бесігі!"
description: "Өзінің 1500 жылдық тарихы бар Түркістан – көне заманда Шауғар деп атанған. Ұлы Жібек жолының бойында..."
author: "EltayAikerim"
published: "2020-12-10T12:19:38+00:00"
modified: "2020-12-10T12:19:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-rkistan-t-rki-lemini-besigi-887893"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-rkistan-t-rki-lemini-besigi-887893/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Түркістан түркі әлемінің бесігі!

> Өзінің 1500 жылдық тарихы бар Түркістан – көне заманда Шауғар деп атанған. Ұлы Жібек жолының бойында...

Өзінің 1500 жылдық тарихы бар Түркістан – көне заманда Шауғар деп атанған. Ұлы Жібек жолының бойында, Қаратау мен Сырдария өзендерінің ортасында орналасқан ежелгі қала. Сол заманда шаһарға тырнадай тізілген қоңыраулы керуендер Батыстан да, Шығыстан да ағылып келіп жататын болған. Түркістан қаласын Әзербайжанның Шеки қаласында өткен «ТҮРКСОЙ» тұрақты кеңесінің 34-отырысында Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы етіп бекітті. Бұның өзі жайдан-жай болған жоқ.

Қазақстан Республикасы тарапынан әлемдік мұраның әуелгі тізіміне алғаш ұсынған ескерткіш – Қожа Ахмет Йасауи кесенесі болды. Әлемдік мұра комитеті өзінің Парижде 2003 жылдың 30 маусым – 5 шілде аралығында болған 27-сессиясында Қожа Ахмет Йасауи қатарына «әлемдік мұра тізіміне» қосты. Бұл- тек қазақ халқы үшін ғана емес, барша түркі халықтарының мақтанышына айналған мекен болды. Орта ғасырдан ақ сопылық пен философиялық мәдениеттің орталығына айналған Түркістан- өз кеудесіне талай өркениетті сыйдырған. Сонау Ұлы Жібек жолынан бастап, сопылық ілімнің майталмандарының туып өскен жері болған бұл киелі мекен қанша жыл торабы өтседе, өзінің рухани маңызын жойған емес. Барша жаңашылдық пен ең ірі өзгерістердің ошағы болған бұл жердің қай қазақ баласы үшін болсада орны тым ерекше.

Тәуелсіздік жылдары Түркістанда жаңадан 38 мектеп ғимараты салынған. Киелі Түркістанға жылына жарты миллион турист келеді. Шет жерден ағылатын саяхатшылардың қызыға тамашалайтын орындарының бірі - тарихи-мәдени этнографиялық орталығы. Алты мыңға жуық құнды жәдігер сақтаулы тұрған музей қызметі жыл сайын жаңарып, заманға сай жетілдіріліп келеді. Сонау тарихымыздан сыр шертетін бұл киелі топыраққа табан тіремеген қазақ баласы жоқ шығар!

Көне Түркістан шаһарының маңа­йында менмұндалаған әсем мешіттер мен кесенелер, тарихи жәдігер­лер мен мұражайлар – халқымыздың рухани мұрасының сарқылмас қазынасы. Со қазыналарды одан әрі дамыту үшінде мемлекет тарапынан ғана емес ЮНЕСКО тарапынан да көптеген қолдау көрсетілуде. Осындай жерлерімізді сақтауды перзенттік борышымыз деп қарастырсақ артық болмас еді!

Мақала авторы: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Магистрант 1 курс студенті Елтай Айкерим Беріктайқызы

Жетекшісі: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіннің доценті Жанатаев Данат Жанетаевич

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-rkistan-t-rki-lemini-besigi-887893](https://yvision.kz/kk/post/t-rkistan-t-rki-lemini-besigi-887893)