---
title: "Түркістан облысындағы тауда ер адамның жүрегі тоқтап..."
description: "Төлеби ауданындағы таулы аймақта орналасқан Қасқасу ауылы аумағына демалуға барған 51 жастағы ер адам қайтыс болды. Фото: alashaqparat.kz Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қасындағы жолдастары жедел..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-05-09T12:10:39+00:00"
modified: "2024-05-09T12:10:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-rkistan-oblysynda-y-tauda-er-adamny-zh-regi-to-tap-aldy-1004428"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-rkistan-oblysynda-y-tauda-er-adamny-zh-regi-to-tap-aldy-1004428/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Түркістан облысындағы тауда ер адамның жүрегі тоқтап...

> Төлеби ауданындағы таулы аймақта орналасқан Қасқасу ауылы аумағына демалуға барған 51 жастағы ер адам қайтыс болды. Фото: alashaqparat.kz Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қасындағы жолдастары жедел...

*Төлеби ауданындағы таулы аймақта орналасқан Қасқасу ауылы аумағына демалуға барған 51 жастағы ер адам қайтыс болды. *

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/5e616124199a5b20c1be899cb9bbf4.jpg)

Фото: alashaqparat.kz

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қасындағы жолдастары жедел жәрдем шақырғанымен дәрігерлер жетемін дегенше науқастың жүрегі тоқтап қалыпты.

"Жедел жәрдем келгенге дейінгі биологиялық өлім болды. Өлім себебі белгісіз", - дейді басқармадағылар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-rkistan-oblysynda-y-tauda-er-adamny-zh-regi-to-tap-aldy-1004428](https://yvision.kz/kk/post/t-rkistan-oblysynda-y-tauda-er-adamny-zh-regi-to-tap-aldy-1004428)